"Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізуі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі N 593 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы
N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктер үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194  Жарлығына  (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар
енгізілсін:
 
Оразбақов                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы           және сауда министрі,төрағаның орынбасары,
 
Түймебаев                - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы       және ғылым министрі,
 
Перуашев                 - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері
Азат Тұрлыбекұлы           мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық
                           одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің
                           басқарма төрағасы (келісім бойынша),
 
Кравченко                - Қазақстан сапа көшбасшылары
Иван Михайлович            қауымдастығының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша),
 
Кузлякин                 - Қазақстан Сүт одағының тең төрағасы
Александр Константинович   (келісім бойынша);
 
      көрсетілген комиссияның құрамынан В.С. Школьник, Б.С. Әйтімова, В.Я. Дворецкий, С.Ю. Савченко, А.С. Соловьева шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады