Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі N 607 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.27 N 982 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 1196 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 46, 598-құжат);
      2) "Теледидар және (немесе) радио хабарларды таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 1012 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 39, 432-құжат).
      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 18 шілдедегі
N 607 қаулысымен   
бекітілген      

Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды
ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 18 шілдедегі
N 607 қаулысымен 
бекітілген    

Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.17 N 1352 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланыстырылған даму кезеңдері бойынша қызметті жүзеге асыру аумағының карталарының;
      2) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.04.23. N 577 Қаулысымен);
      3) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі бейіндік жоғары немесе орта арнаулы білімі және осы салада кемінде бір жыл тиісті жұмыс өтілі бар шығармашылық және инженерлік-техникалық қызметкерлер штатының;
      4) телевизиялық және радио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес телевизиялық және (немесе) радио бағдарламаларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің;
      5) телевизия немесе радио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасының;
      6) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру схемасының және оларды сақтау жөніндегі міндеттеменің;
      7) объектіге немесе оны жалға алуға меншік иесінің мүліктік құқықтарын растаған құқық белгілейтін құжаттармен, өз алдына жеке кіретін есігі бар үй-жайлар мен орындардың, оның ішінде:
      телевизиялық және радио хабарларды таратудың жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарды орналастыратын және пайдаланатын арнайы үй-жайлардың (студиялық, беруші, антенналық-фидерлік, қосымша);
      әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайлардың;
      халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлардың (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық хабарларды таратушы операторлар үшін);
      8) хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі көрсетілген телевизиялық және (немесе) радио бағдарламаларының тұжырымдамасы және хабар тарату кестесінің;
      9) телевизиялық және (немесе) радиобағдарламаларды тиісінше қабылдау мен таратуды қамтамасыз ететін меншік құқындағы сертификатталған бағдарламалық-аппараттық кешеннің;
      10) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының есепке алынғандығы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратушы операторлар үшін);
      11) ретрансляция жасалатын бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен ретрансляция жасауға арналған алдын ала шарттарының, шарттарының немесе өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелері көшірмесінің, (көпбағдарламалы және спутниктік телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратушы операторлар үшін);
      12) біліктілік талаптарының 11) тармақшасында көзделген шарттардың орындалуын алты айға дейінгі мерзімге қамтамасыз ететін қысқа мерзімді активтердің;
      13) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын техникалық қамтамасыз ету схемасының, (көпбағдарламалы телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарататын операторлар үшін).

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по организации телевизионного и (или) радиовещания

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2007 года № 607. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июля 2012 года № 982

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.07.2012 № 982 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 17.11.2011 № 1352 (вводится в действие 30.01.2012).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 января 2007 года "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) исключен постановлением Правительства РК от 17.11.2011 № 1352 (вводится в действие 30.01.2012);
      2) квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по организации телевизионного и (или) радиовещания.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 17.11.2011 № 1352 (вводится в действие 30.01.2012).

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2005 года N 1196 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании деятельности по организации телевизионного и (или) радиовещания" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 46, ст. 598);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2006 года N 1012 "Об утверждении Правил лицензирования деятельности по организации телевизионного и (или) радиовещания" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 39, ст. 432).

      3. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 9 августа 2007 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 18 июля 2007 года N 607

Правила лицензирования деятельности по организации
телевизионного и (или) радиовещания

      Сноска. Правила исключена постановлением Правительства РК от 17.11.2011 № 1352 (вводится в действие 30.01.2012).

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 18 июля 2007 года N 607 

Квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по
организации телевизионного и (или) радиовещания

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 17.11.2011 № 1352 (вводится в действие 30.01.2012).

      Квалификационные требования, предъявляемые к физическим и юридическим лицам, претендующим на право получения лицензии на деятельность по организации телевизионного и (или) радиовещания, включают наличие:
      1) карты территории осуществления деятельности по этапам развития с привязкой к административно-территориальному делению Республики Казахстан;
      2) исключен постановлением Правительства РК от 23.04.2009 № 577 (порядок введения в действие см. п. 2 );
      3) штата творческих и инженерно-технических работников, имеющих профильное высшее или среднее специальное образование по организации телевизионного и (или) радиовещания и соответствующий стаж работы в данной области не менее одного года;
      4) обязательства по обеспечению технического качества телевизионных и (или) радиопрограмм в соответствии с действующими стандартами в сфере телевизионного и радиовещания;
      5) схемы организации сети телевизионного или радиовещания;
      6) схемы организации оповещения населения в случае чрезвычайных ситуаций и обязательства по их соблюдению;
      7) помещений и площадей с отдельным входом, подтвержденных правоустанавливающими документами имущественных прав собственника на объект или на его аренду, в том числе:
      специальных помещений для размещения и эксплуатации технических средств, необходимых для функционирования телерадиовещания (студийное, передающее, антенно-фидерное, вспомогательное);
      помещения для административно-управленческого персонала;
      помещения для обслуживания населения (для операторов многопрограммного и спутникового телевизионного вещания);
      8) концепции и сетки вещания телевизионных и (или) радиопрограмм с указанием среднесуточных объемов вещания;
      9) сертифицированного программно-аппаратного комплекса на праве собственности, обеспечивающего надлежащий прием и трансляцию телевизионных и (или) радиопрограмм;
      10) справки установленной формы об учете иностранных средств массовой информации (для операторов многопрограммного и спутникового телевизионного и (или) радиовещания);
      11) копии предварительных договоров, договоров или иных гражданско-правовых сделок на ретрансляцию с собственником ретранслируемого средства массовой информации (для операторов многопрограммного и спутникового телевизионного и (или) радиовещания);
      12) краткосрочных активов, обеспечивающих выполнение условий, предусмотренных подпунктом 11) квалификационных требований, на срок до шести месяцев;
      13) схемы технического обеспечения соблюдения законодательства Республики Казахстан о рекламе (для операторов многопрограммного телевизионного и (или) радиовещания).