Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.27 N 982 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген телевизиялық (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары».
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов