Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақастан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі N 615 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертуі. Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;
      2) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 15, 204-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 43, 430-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі N 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 308 қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 134-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 20 шілдедегі
N 615 қаулысымен  
бекітілген     

Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің
мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді.

      2. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі - лицензиар) болып табылады.

      3. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде белгіленген талаптарды сақтаған кезде жеке тұлға - дара кәсіпкерге беріледі.

      4. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) бас лицензия болып табылады.
      Лицензия иеліктен айырылмайтын болып табылады және лицензиат басқа тұлғаға бере алмайды.

      5. Лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылады.

2. Лицензия беру тәртібі

      6. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
      6) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:
      жоғары білімі туралы дипломдарының, банкроттық туралы заңнамаға сәйкес сырттан қадағалау әкімшісі, оңалтушы, конкурстық басқарушы ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін дайындықтан өткенін растайтын білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмелері;
      еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
      наркологиялық және психиатриялық диспансерлер лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берген медициналық анықтамалар.

      7. Лицензия беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен қоса, өтініш берушіге жіберілетін (табыс етілетін) тізімдеме бойынша қабылданады.

      8. Лицензия өтінішті осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
      Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензияны беруге не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.

      9. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермеген не өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту себептері туралы хабарламаған жағдайда, лицензия беру үшін осы Ережеде белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін өтініш беруші лицензиарға мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша хабарлайды.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламасында көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.

      10. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
      2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжат табыс етілмесе. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      3) лицензиялық алым енгізілмесе;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарға сай келмесе;
      5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса, лицензия беруден бас тартылады.

      11. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде жазбаша түрдегі дәлелді жауап беріледі.

3. Лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқаларын
беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру

      12. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы.
      Жоғалған, бүлінген лицензия бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп саналады.
      Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір беріп және жоғары оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.

      13. Лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.

      14. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензиядан айырғанда;
      2) жеке тұлға қызметін тоқтатқанда;
      3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрі алып тасталса тоқтатылады.
      Лицензия қолданылуын тоқтатқан кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензиарға лицензиясын қайтаруға міндетті.

      15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      16. Лицензиар лицензиялар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      17. Осы Ереженің сақталуын лицензиялық бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

      18. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 20 шілдедегі
N 615 қаулысымен  
бекітілген     

Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің
мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш беруші - жеке тұлға - дара кәсіпкер мынадай біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс:
      1) жоғары заң немесе экономикалық білімінің болуы және банкроттық туралы заңнамаға сәйкес сырттан қадағалау әкімшісі, оңалтушы, конкурстық басқарушы ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін білім беру ұйымдарында дайындықтан өтуі;
      2) мынадай; экономикалық, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-тексеру, құқық қызметі салаларының бірінде кемінде үш жыл не заңды тұлғаның бірінші басшысы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

      2. Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгіленген тәртіппен қабілетсіз не қабілеті шектеулі деп танылған адамға банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берілмейді.

Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2007 года N 615. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 124

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.01.2012 № 124 (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

      В целях реализации законов Республики Казахстан от 21 января 1997 года " О банкротстве ", от 11 января 2007 года " О лицензировании " Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила лицензирования деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства;
      2) квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства.

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2001 года N 581 "Об утверждении Правил лицензирования деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 15, ст. 204);
      2) пункт 5 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2002 года N 1268 "Отдельные вопросы Министерства финансов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 43, ст. 430);
      3) постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2006 года N 308 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2001 года N 581" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., N 14, ст. 134).

      3. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 9 августа 2007 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 20 июля 2007 года N 615

Правила
лицензирования деятельности по управлению имуществом и делами
неплатежеспособных должников в процедурах банкротства

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила лицензирования деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 21 января 1997 года " О банкротстве ", от 11 января 2007 года " О лицензировании " (далее - Закон), и устанавливают порядок лицензирования деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства.

      2. Государственным органом, осуществляющим лицензирование деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства, является Комитет по работе с несостоятельными должниками Министерства финансов Республики Казахстан (далее - лицензиар).

      3. Лицензия на осуществление деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства выдается физическому лицу - индивидуальному предпринимателю при соблюдении им требований, установленных законами Республики Казахстан и настоящими Правилами.

      4. Лицензия на осуществление деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства (далее - лицензия) является генеральной.
      Лицензия является неотчуждаемой, и не может быть передана лицензиатом другому лицу.

      5. Действие лицензии распространяется на всю территорию Республики Казахстан.

2. Порядок выдачи лицензии

      6. Для получения лицензии необходимы следующие документы:
      1) заявление;
      2) копия документа, удостоверяющего личность;
      3) нотариально заверенная копия свидетельства о государственной регистрации заявителя в качестве индивидуального предпринимателя;
      4) нотариально заверенная копия свидетельства о постановке заявителя на учет в налоговом органе;
      5) документ, подтверждающий уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия деятельностью по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства;
      6) сведения и документы в соответствии с квалификационными требованиями:
      копии дипломов о высшем образовании, документа, выданного организацией образования, подтверждающего прохождение подготовки для дальнейшей работы в качестве администратора внешнего наблюдения, реабилитационного, конкурсного управляющего в соответствии с законодательством о банкротстве;
      копии документов, подтверждающих стаж работы;
      справка об отсутствии судимости, выданная по местожительству заявителя не ранее, чем за месяц до ее представления лицензиару, с указанием сведений по всей республике;
      медицинские справки, выданные наркологическим и психиатрическим диспансерами по местожительству заявителя не ранее чем за месяц до их представления лицензиару.

      7. Все документы, представленные лицензиару для выдачи лицензии, принимаются по описи, копия которой направляется (вручается) заявителю с отметкой о дате приема документов лицензиаром.

      8. Лицензия выдается не позднее десяти рабочих дней со дня представления заявления с соответствующими документами, установленными настоящими Правилами.
      Лицензиар в течение срока, установленного настоящим пунктом, обязан выдать лицензию либо дать мотивированный ответ в письменном виде о причинах отказа в выдаче лицензии.

      9. В случае если лицензиар в установленные настоящими Правилами сроки не выдал заявителю лицензию либо письменно не уведомил заявителя о причине отказа в выдаче лицензии, то по истечении пяти рабочих дней с даты истечения сроков, установленных настоящими Правилами для выдачи лицензии, заявитель письменно уведомляет лицензиара о начале осуществления заявленного им вида деятельности.
      Лицензиар не позднее пяти рабочих дней с момента получения письменного уведомления заявителя обязан выдать лицензию с даты, указанной заявителем в письменном уведомлении.

      10. В выдаче лицензии может быть отказано в случаях, если:
      1) занятие данным видом деятельности запрещено законами Республики Казахстан для данной категории субъектов ;
      2) не представлены все документы, требуемые в соответствии с настоящими Правилами. При устранении заявителем указанных препятствий заявление рассматривается на общих основаниях;
      3) не внесен лицензионный сбор;
      4) заявитель не соответствует квалификационным требованиям;
      5) в отношении заявителя имеется вступивший в законную силу приговор суда, запрещающий ему заниматься данным видом деятельности.

      11. При отказе в выдаче лицензии лицензиаром заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи лицензии.

3. Переоформление, выдача дубликатов, прекращение и
приостановление действия лицензий

      12. При утере, порче лицензии лицензиат имеет право на получение дубликатов лицензии.
      Утерянные, испорченные бланки лицензии считаются недействительными со дня подачи лицензиатом письменного заявления (с приложением документов, подтверждающих факт утери, порчи лицензии) лицензиару.
      Лицензиар в течение десяти рабочих дней со дня подачи заявления выдает дубликат лицензии с присвоением нового номера и надписью "Дубликат" в правом верхнем углу.

      13. В случае изменения фамилии, имени, отчества лицензиата, он обязан в течение тридцати календарных дней подать заявление о переоформлении лицензии с приложением соответствующих документов, подтверждающих указанные сведения.
      Лицензиар в течение десяти рабочих дней со дня подачи лицензиатом соответствующего письменного заявления переоформляет лицензию.

      14. Лицензия прекращает свое действие в случаях:
      1) лишения лицензии;
      2) прекращения деятельности физического лица;
      3) добровольного возврата лицензии к лицензиару;
      4) исключения отдельного вида деятельности из перечня лицензируемых.
      При прекращении действия лицензии лицензиар обязан в течение десяти рабочих дней вернуть лицензию лицензиару.

      15. Приостановление действия, лишение лицензии осуществляются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях .

      16. Лицензиар осуществляет ведение реестра лицензий.

      17. Лицензионный контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляется лицензиаром.

      18. Нарушение настоящих Правил влечет ответственность, установленные законами Республики Казахстан .

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 20 июля 2007 года N 615

Квалификационные требования, предъявляемые
к деятельности по управлению имуществом и делами
неплатежеспособных должников в процедурах банкротства

      1. Для получения лицензии на осуществление деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства заявитель - физическое лицо - индивидуальный предприниматель должен отвечать следующим квалификационным требованиям:
      1) иметь высшее юридическое или экономическое образование и пройти подготовку в организациях образования для дальнейшей работы в качестве администратора внешнего наблюдения, реабилитационного, конкурсного управляющего в соответствии с законодательством о банкротстве ;
      2) иметь опыт работы не менее трех лет в одной из следующих сфер деятельности: экономической, финансовой, учетно-аналитической, контрольно-ревизионной, правовой, либо в должности первого руководителя юридического лица не менее трех лет.
      2. Лицензия на осуществление деятельности по управлению имуществом и делами неплатежеспособных должников в процедурах банкротства не может быть выдана лицу, имеющему не погашенную или не снятую в установленном законом порядке судимость, признанному в установленном порядке недееспособным либо ограниченно дееспособным.