Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 34-бабына және "Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау" бағдарламасы бойынша көзделген концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлу бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 шілдедегі
N 515 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1330 Қаулысымен.
2007 жылға арналған концессиялық жобаларды бағалауды
және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлу
Р/с |
Концессия объектісінің атауы |
Концессиялық |
1 | 2 | 3 |
---|---|---|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
||
1. |
"Маңғышлақ - Баутино" темір жол учаскесі |
29 880,0 |
2. |
"Ералиев - Құрық" темір жол учаскесі |
29 880,0 |
3. |
"Мақат - Қандыағаш" темір жол |
29 880,0 |
4. |
"Қорғас - Жетіген" темір жол учаскесі |
29 880,0 |
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық |
||
5. |
Ақтөбе облысының Қандыағаш |
2 640,0 |
6. |
Атырау облысындағы интеграцияланған |
250 357,0 |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
||
7. |
Ақтау халықаралық әуежайының |
100 080,0 |
Жиыны: |
372 517,0 |