2007 жылға арналған концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлуді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі N 616 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің  34-бабына және "Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1127  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау" бағдарламасы бойынша көзделген концессиялық жобаларды бағалауды және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлу бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             2007 жылғы 20 шілдедегі
                                                 N 515 қаулысына
                                                      қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы  N 1330 Қаулысымен.

       2007 жылға арналған концессиялық жобаларды бағалауды
        және сараптауды қаржыландыруға қаражат бөлу

Р/с
N

Концессия объектісінің атауы

Концессиялық
жобаларды
бағалауды
және
сараптауды
қаржыландыру
көлемі
(мың теңге)

1 2 3

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

1.

"Маңғышлақ - Баутино" темір жол учаскесі

29 880,0

2.

"Ералиев - Құрық" темір жол учаскесі

29 880,0

3.

"Мақат - Қандыағаш" темір жол
учаскесін электрлендіру

29 880,0

4.

"Қорғас - Жетіген" темір жол учаскесі

29 880,0

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі

5.

Ақтөбе облысының Қандыағаш
қаласындағы газ турбиналық электр
станциясы

2 640,0

6.

Атырау облысындағы интеграцияланған
мұнай-химия кешенін инфрақұрылымдық
қамтамасыз ету объектілері

250 357,0

Маңғыстау облысының әкімдігі

7.

Ақтау халықаралық әуежайының
жолаушылар терминалы

100 080,0


Жиыны:

372 517,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады