Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.09.2015 № 796 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі бекітілсін.
2. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында деректер құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 463 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 720 қаулысымен
бекітілген
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында
ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағыЗаңына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
2. Ереже еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми ұйымдастырып жинау;
алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандардан алынған немесе тіркелген деректер;
бастапқы құжаттама - өндірісте жазатайым оқиғалар туындаған кезде жұмыс беруші жасайтын құжаттар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкі - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның функцияларын іске асыруға байланысты туындайтын мәліметтер жиынтығы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600; 18.10.2013 № 1115 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында
ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібі
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негізінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға ұсынады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар жүйелейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар өңірлер бойынша ұсынған ақпарат негізінде жиынтық деректерді қалыптастыруды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның статистика жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында деректер банкі құрылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректерді жеке және заңды тұлғалар статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистиканы жүргізуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган барлық жеке және заңды тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және жеке еңбекті қорғау саласындағы жай-күй мен үрдістерді сипаттайтын статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
9. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган статистикалық ақпаратты тузу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті органның деректер банкінен және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректер негізінде жиналатын ақпаратты пайдаланады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.
10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін статистикалық жұмыстардың жоспарына және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 600 Қаулысымен.