Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 365 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Берік Шолпанқұлұлы Қазынашылық комитеті төрайымының
орынбасары
Козлов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Юрий Константинович Үкіметтік қарыздарды тарту департаментінің
директоры
мына:
"Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Ким - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Виссарион Валериевич Жиынтық-талдау департаментінің директоры"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы вице-министрі, төраға
Ким - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Виссарион Валериевич Жиынтықтау-талдама департаментінің
директоры, төрағаның орынбасары";
көрсетілген құрамнан Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Итеғұлов Марал Серғазыұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі