Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 365 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:

Ерғожин               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы          вице-министрі, төраға

Құсайынов             - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы        бюджеттік жоспарлау вице-министрі 

Сартбаев              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Медет Мақсұтұлы         Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Сейітқұл              - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Қайырбек Сейітқұлұлы    бақылайтын есеп комитетінің мүшесі (келісім
                        бойынша)

Хамзин                - Қазақстан Республикасының Президенті
Рүстем Назымбекұлы      Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                        талдау бөлімі меңгерушісінің бірінші
                        орынбасары (келісім бойынша)

Өтебаев               - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Мүсірәлі Смайылұлы      Экономика, қаржы және бюджет комитетінің
                        төрағасы (келісім бойынша)

Ким                   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Виссарион Валериевич    Жиынтықтау-талдама департаментінің
                        директоры, төрағаның орынбасары

Шолпанқұлов           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Берік Шолпанқұлұлы      Қазынашылық комитеті төрайымының
                        орынбасары

Козлов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Юрий Константинович     Үкіметтік қарыздарды тарту департаментінің
                        директоры

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.22. N 728 Қаулысымен.

      2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2007 - 2008 жылдардағы жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурсты 2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурстың жеңімпазын анықтасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады