Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен»"Достық", "Қорғас - Шығыс қақпасы", "Қазақстанның Батыс қақпасы", "Тобыл" арнайы экономикалық аймақтарын және»"Алматы - Жиһаз" индустриялық аймағын құрудың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге 149000000 (бір жүз қырық тоғыз миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі