Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 774 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен»"Достық", "Қорғас - Шығыс қақпасы", "Қазақстанның Батыс қақпасы", "Тобыл" арнайы экономикалық аймақтарын және»"Алматы - Жиһаз" индустриялық аймағын құрудың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге 149000000 (бір жүз қырық тоғыз миллион) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады