Қазақстан Республикасының қор нарығын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - холдинг) "Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы"»акционерлік қоғамы (бұдан әрі -»"МТЭК" АҚ) акцияларының қосымша эмиссиясын холдингтің меншігінде»"МТЭК" АҚ акцияларының жалпы санының кемінде 75 пайызын қосу 1 акциясын сақтай отырып, Қазақстан Республикасы халқының арасына шығару және орналастыру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) холдингпен бірлесіп екі ай мерзімде»"МТЭК" АҚ акцияларын Қазақстан Республикасы халқының арасына шығару және орналастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. "Кейбір өңірлік электр желілері компаниялары акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 маусымдағы N 640 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасында»жарғылық капиталдың 93,78 (тоқсан үш бүтін жүзден жетпіс сегіз) пайыз мөлшерінде»"Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы" деген сөздер алынып тасталсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі