Кейбiр өңiрлiк электр желiлерi компаниялары акцияларының мемлекеттiк пакетiн жекешелендiру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 маусымдағы N 640 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Талдықорған акционерлiк көлiк-электр желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Оралэнерго" Батыс Қазақстан электр тарату желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Қызылорда электр тарату желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 90 (тоқсан) пайызы мөлшерiнде "Жезқазған электр тарату желiсi компаниясы" акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакетiн акционерлiк қоғамдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оларға электрмен жабдықтау жөнiндегi функцияларды бере отырып, осы функцияларды бiртiндеп бәсекелес ортаға беру шартымен дербес заңды еншiлес кәсiпорындар құқығында энергиямен жабдықтау ұйымдарын құру шартымен коммерциялық тендерде сатуды жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 1) тармақшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.21. N 822 Қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады