"Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының қосымша эмиссиясын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 822 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының қор нарығын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. "Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - холдинг) "Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы"»акционерлік қоғамы (бұдан әрі -»"МТЭК" АҚ) акцияларының қосымша эмиссиясын холдингтің меншігінде»"МТЭК" АҚ акцияларының жалпы санының кемінде 75 пайызын қосу 1 акциясын сақтай отырып, Қазақстан Республикасы халқының арасына шығару және орналастыру туралы ұсынысына келісім берілсін.
 

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) холдингпен бірлесіп екі ай мерзімде»"МТЭК" АҚ акцияларын Қазақстан Республикасы халқының арасына шығару және орналастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
 

      3. "Кейбір өңірлік электр желілері компаниялары акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 маусымдағы N 640  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасында»жарғылық капиталдың 93,78 (тоқсан үш бүтін жүзден жетпіс сегіз) пайыз мөлшерінде»"Маңғыстау электр тарату желісі компаниясы" деген сөздер алынып тасталсын.
 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады