Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 70-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны:
"Астана қаласында 3500 орындық әмбебап киноконцерт залының құрылысы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару" деген сөздермен толықтырылсын;
"- Конгресс-холл құрылысын салу;
- "Шабыт" шығармашлық сарайын салу." деген абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"- Конгресс-холл құрылысын салу, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару;
- "Шабыт" шығармашылық сарайын салу, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге төленген аванс сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға тапсырыс беру үшін оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі