Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі
N 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 199-құжат; 2006 ж., N 18, 166-құжат; 2007 ж., N 13, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Қожасбай - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы палатасының президенті (келісім бойынша)
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек
Бердібек Машбекұлы және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы Министрінің орынбасары
көрсетілген Кеңес құрамынан Гүлжан Жанпейісқызы Қарағұсова, Аслан Есболайұлы Мусин, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті