Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кеңес туралы ереже;
      2) Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2005 жылғы 23 сәуiрдегi
N 1560 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2010.05.12 № 987 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Кәсіпкерлер кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 27.03.2013 N 533 Жарлығымен.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) мынадай:
      Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп секторын индустрияландыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау;
      нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайлар жасау;
      Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің қызметін шоғырландыру;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де маңызды мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

      6. Кеңестің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
      1) кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
      2) консультациялар өткізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар.

4. Кеңестің құрамы және қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері өкілдерінің қатарынан қалыптасады.
      8. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.
      9. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы, Қазақстан Республикасының  Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттігінің) төрағасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 27.03.2013 N 533 Жарлығымен.
      10. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды адамдары енуі мүмкін.
      11. Кеңестің жалпы отырыстары Кеңестің төрағасы айқындайтын мерзімде кемінде жылына бір рет өткізіледі.
      12. Кеңестің жалпы отырыстарының арасындағы кезеңде Кеңес төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен Кеңестің аралық отырыстары өткізіледі.
      Аралық отырыстарда Кеңестің соңғы жалпы отырысының шешімдерін орындаудың қорытындылары, жұмыс тобы қызметінің нәтижелері, келесі жалпы отырысқа дайындық, кәсіпкерлердің ағымдағы проблемалары мен өзге де мәселелер талқыланады.
      13. Кеңестің кезектен тыс отырысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша шақырылады.
      14. Кеңес мүшелері оның отырысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      15. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарысына басшының орынбасарынан төмен емес деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінен Кеңес мүшелерінің өкілдері шақырылуы мүмкін.
      16. Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болғанда ғана құқылы.
      17. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      18. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.
      19. Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

4. Кеңестің жұмыс органы

      20. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстардың күн тәртібінің жобасын түзеді;
      2) Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
      3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
      4) Кеңес мүшелерін Кеңестің жалпы, кезектен тыс және аралық отырыстарының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
      5) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа да мүдделі адамдарға хаттама көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді;
      6) Кеңестің және оның жұмыс топтарының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.

6. Кеңестің жұмыс топтары

      21. Кеңестің шешімімен өздерінің алдына қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңестің жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
      22. Жұмыс топтарының құрамдары Кеңестің жалпы отырысында бекітіледі.
      23. Кеңестің жұмыс топтарының қызметін басқаруды олардың төрағалары жүзеге асырады.
      Кеңестің жұмыс топтарының төрағалары министрліктер немесе ведомстволар басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы тұлғалар бола алады.
      24. Кеңестің жұмыс топтарының іс-шаралар жоспарларын жұмыс топтарының төрағалары бекітеді.
      25. Кеңестің жұмыс топтарының құрамдарына мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары болып табылатын Кеңес мүшелерінің өкілдері кіре алады.
      26. Кеңестің жұмыс топтарының жұмысына қатысу ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

                                                                       Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2005 жылғы 23 сәуірдегі
N 1560 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.12.22 N 204 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284; 13.11.2012 N 427; 27.03.2013 N 533 Жарлықтарымен.

 Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің
ҚҰРАМЫ

Назарбаев                  - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы            төраға

Ахметов                    - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Нығметұлы              Министрі, төрағаның орынбасары

Кеңес мүшелері:

Сұлтанов                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы            Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Құлыбаев                   - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық
Тимур Асқарұлы               экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                             бірлестігі Төралқасының төрағасы
                             (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
«Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
«Белкамит» бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
«Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Директорлар кеңесінің төрағасы - президенті (келісім бойынша)
Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасының президенті (келісім бойынша)
«Resmi» компаниялар тобы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
«Қазақстанның Халық банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі тауар өндірушілер одағының президенті (келісім бойынша)
Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Астана-групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша)
«Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады