"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан РЕспубликасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы N 906 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі
N 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1560  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 199-құжат; 2006 ж., N 18, 166-құжат; 2007 ж., N 13, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Бозымбаев            - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы    жөніндегі қазақстандық холдингі"
                       акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
                       (келісім бойынша)

Қожасбай             - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы      палатасының президенті (келісім бойынша)

Сұлтанов             - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы      және бюджеттік жоспарлау министрі

Сапарбаев            - Қазақстан Республикасының Еңбек
Бердібек Машбекұлы     және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Шөкеев               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы       Министрінің орынбасары

      көрсетілген Кеңес құрамынан Гүлжан Жанпейісқызы Қарағұсова, Аслан Есболайұлы Мусин, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады