"Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы", "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 970 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Тобыл", "Каспий" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 407 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;

      2) "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 қазандағы
N 970 қаулысымен
бекітілген

"Тобыл" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      Ескерту. Меморандум жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Құру мақсаты

      "Тобыл" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Тобыл" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Қостанай облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Тобыл" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Тобыл" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Тобыл" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Тобыл" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Тобыл" ӘКК" АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Тобыл" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Тобыл" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Қостанай облысы әкімдігінің өкілдері, "Тобыл" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Тобыл" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Тобыл" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Тобыл" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Тобыл" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Тобыл" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Тобыл" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 қазандағы
N 970 қаулысымен
бекітілген

"Каспий" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      Ескерту. Меморандум жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Құру мақсаты

      "Каспий" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Каспий" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Маңғыстау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Каспий" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Каспий" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Каспий" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Каспий" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Каспий" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Каспий" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Каспий" ӘКК" АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Каспий" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Каспий" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Каспий" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Каспий" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері, "Каспий" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Каспий" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Каспий" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Каспий" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Каспий" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Каспий" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Каспий" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Каспий" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 қазандағы
N 970 қаулысымен
бекітілген

"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении меморандумов об основных принципах деятельности акционерных обществ "Социально-предпринимательская корпорация "Тобол", "Социально-предпринимательская корпорация "Каспий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 октября 2007 года N 970.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Во исполнение подпункта 3) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 17 сентября 2007 года N 407 "О мерах по созданию и обеспечению деятельности социально-предпринимательских корпораций "Тобол", "Каспий" и "Батыс" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Тобол";

      2) Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Каспий".

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 октября 2007 года N 970

Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Тобол"

      Сноска. Меморандум в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Цель создания

      Целью создания акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Тобол" (далее – АО "СПК "Тобол") является содействие экономическому развитию Костанайской области путем консолидации государственного и частного секторов, создания единого экономического рынка на основе кластерного подхода, формирования благоприятной экономической среды для привлечения инвестиций и инноваций, участия в разработке и реализации программ, направленных на социальное развитие регионов, а также разведку, добычу, переработку полезных ископаемых, в том числе и общераспространенных, за исключением следующих полезных ископаемых: газ (кроме метана, добываемого из угольных пластов), нефть, уран.

      АО "СПК "Тобол" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан будут переданы:

      финансовые средства для капитализации уставного капитала;

      земельные участки для реализации инвестиционных проектов;

      права недропользования;

      инфраструктурные объекты, инженерные коммуникации и сети, способные генерировать доходы за счет оплаты их использования;

      объекты движимого и недвижимого имущества, находящиеся в государственной собственности;

      акции акционерных обществ, доли участия в товариществах с ограниченной ответственностью и государственные предприятия (далее – организации), находящиеся в государственной собственности.

      2. Основные принципы деятельности АО "СПК "Тобол"

      Деятельность АО "СПК "Тобол" будет основываться на принципах транспарентности, комплексности и приоритетности.

      Принцип транспарентности предполагает создание прозрачной системы корпоративного управления и ответственности менеджеров, надлежащий контроль над эффективным использованием финансовых ресурсов. Для реализации данного принципа будет активно использоваться институт независимых директоров с привлечением профессиональных менеджеров с безупречной деловой репутацией.

      Принцип комплексности означает, что при наличии различных источников поддержки и направлений специализации организаций на определенных операциях и/или видах деятельности будет осуществляться сбалансированная поддержка инициатив как частного, так и государственного секторов экономики.

      Принцип приоритетности означает, что в работе по подготовке и выбору реализуемых проектов будет отдаваться предпочтение проектам, где отражаются решения социально значимых проблем соответствующего региона.

      3. Задачи АО "СПК "Тобол"

      Достижение цели создания АО "СПК "Тобол" будет основываться на решении следующих основных задач:

      создание эффективной системы управления государственными активами;

      внедрение принципов социальной ответственности бизнеса в регионах;

      создание конкурентоспособных, экспортоориентированных производств на основе государственно-частного партнерства;

      формирование благоприятной среды для привлечения инвестиций и внедрения инноваций;

      реализация бизнес-проектов, в том числе на основе концессий и кластерной инициативы;

      создание институциональных условий для развития малого и среднего бизнеса;

      направление прибыли на решение региональных социальных проблем;

      обеспечение прорывного развития регионов путем консолидации государственных активов и предпринимательской инициативы;

      продвижение экономического имиджа региона на внутреннем и внешнем рынках;

      повышение производительности малого и среднего предпринимательства путем развития кластерного производства и внедрения новых технологий;

      реабилитация, реструктуризация государственных предприятий, развитие на их основе новых конкурентоспособных производств и технологий;

      формирование базы бизнес-проектов, финансирование и создание условий для их реализации.

      Решение вышеуказанных задач будет осуществляться АО "СПК "Тобол" путем реализации собственных и совместных проектов, а также участия в деятельности организаций, переданных АО "СПК "Тобол".

      4. Функции АО "СПК "Тобол"

      Основными функциями АО "СПК "Тобол" в рамках осуществления корпоративного управления организациями через их общие собрания и советы директоров будут являться:

      постановка целей для организаций;

      утверждение среднесрочных бизнес-планов, инвестиционных программ и годовых бюджетов организаций, направленных на достижение поставленных целей;

      контроль над эффективным использованием денежных средств, выделяемых на реализацию инициатив частного сектора;

      подбор и мотивация руководителей организаций.

      5. Вопросы управления АО "СПК "Тобол"

      В состав Совета директоров АО "СПК "Тобол" входят представители акимата Костанайской области, председатель Правления АО "СПК "Тобол".

      В компетенцию Совета директоров АО "СПК "Тобол" входят:

      определение приоритетных направлений деятельности АО "СПК "Тобол";

      постановка целей деятельности АО "СПК "Тобол";

      утверждение бюджета АО "СПК "Тобол";

      иные вопросы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Финансирование деятельности АО "СПК "Тобол" осуществляется за счет средств уставного капитала, инвестиционных кредитов, грантов или иных доходов в соответствии с законодательством.

      6. Взаимоотношения между АО "СПК "Тобол" и организациями

      Взаимоотношения между АО "СПК "Тобол" и организациями определяются его функциями, указанными выше. При этом влияние АО "СПК "Тобол" на деятельность организаций ограничивается рамками корпоративного управления через осуществление функций акционера и представительство в соответствующих советах директоров организаций, а также функции участника в организациях.

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 октября 2007 года N 970

Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Каспий"

      Сноска. Меморандум в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Цель создания

      Целью создания акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Каспий" (далее – АО "СПК "Каспий") является содействие экономическому развитию Мангистауской области путем консолидации государственного и частного секторов, создания единого экономического рынка на основе кластерного подхода, формирования благоприятной экономической среды для привлечения инвестиций и инноваций, участия в разработке и реализации программ, направленных на социальное развитие регионов, а также разведку, добычу, переработку полезных ископаемых, в том числе и общераспространенных, за исключением следующих полезных ископаемых: газ (кроме метана, добываемого из угольных пластов), нефть, уран.

      АО "СПК "Каспий" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан будут переданы:

      финансовые средства для капитализации уставного капитала;

      земельные участки для реализации инвестиционных проектов;

      права недропользования;

      инфраструктурные объекты, инженерные коммуникации и сети, способные генерировать доходы за счет оплаты их использования;

      объекты движимого и недвижимого имущества, находящиеся в государственной собственности;

      акции акционерных обществ, доли участия в товариществах с ограниченной ответственностью и государственные предприятия (далее – организации), находящиеся в государственной собственности.

      2. Основные принципы деятельности АО "СПК "Каспий"

      Деятельность АО "СПК "Каспий" будет основываться на принципах транспарентности, комплексности и приоритетности.

      Принцип транспарентности предполагает создание прозрачной системы корпоративного управления и ответственности менеджеров, надлежащий контроль над эффективным использованием финансовых ресурсов. Для реализации данного принципа будет активно использоваться институт независимых директоров с привлечением профессиональных менеджеров с безупречной деловой репутацией.

      Принцип комплексности означает, что при наличии различных источников поддержки и направлений специализации организаций на определенных операциях и/или видах деятельности будет осуществляться сбалансированная поддержка инициатив как частного, так и государственного секторов экономики.

      Принцип приоритетности означает, что в работе по подготовке и выбору реализуемых проектов будет отдаваться предпочтение проектам, где отражаются решения социально значимых проблем соответствующего региона.

      3. Задачи АО "СПК "Каспий"

      Достижение цели создания АО "СПК "Каспий" будет основываться на решении следующих основных задач:

      создание эффективной системы управления государственными активами;

      внедрение принципов социальной ответственности бизнеса в регионах;

      создание конкурентоспособных, экспортоориентированных производств на основе государственно-частного партнерства;

      формирование благоприятной среды для привлечения инвестиций и внедрения инноваций;

      реализация бизнес-проектов, в том числе на основе концессий и кластерной инициативы;

      создание институциональных условий для развития малого и среднего бизнеса;

      направление прибыли на решение региональных социальных проблем;

      обеспечение прорывного развития регионов путем консолидации государственных активов и предпринимательской инициативы;

      продвижение экономического имиджа региона на внутреннем и внешнем рынках;

      повышение производительности малого и среднего предпринимательства путем развития кластерного производства и внедрения новых технологий;

      реабилитация, реструктуризация государственных предприятий, развитие на их основе новых конкурентоспособных производств и технологий;

      формирование базы бизнес-проектов, финансирование и создание условий для их реализации.

      Решение вышеуказанных задач будет осуществляться АО "СПК "Каспий" путем реализации собственных и совместных проектов, а также участия в деятельности организаций, переданных АО "СПК "Каспий".

      4. Функции АО "СПК "Каспий"

      Основными функциями АО "СПК "Каспий" в рамках осуществления корпоративного управления организациями через их общие собрания и советы директоров будут являться:

      постановка целей для организаций;

      утверждение среднесрочных бизнес-планов, инвестиционных программ и годовых бюджетов организаций, направленных на достижение поставленных целей;

      контроль над эффективным использованием денежных средств, выделяемых на реализацию инициатив частного сектора;

      подбор и мотивация руководителей организаций.

      5. Вопросы управления АО "СПК "Каспий"

      В состав Совета директоров АО "СПК "Каспий" входят представители акимата Мангистауской области, председатель Правления АО "СПК "Каспий".

      В компетенцию Совета директоров АО "СПК "Каспий" входят:

      определение приоритетных направлений деятельности АО "СПК "Сарыарка";

      постановка целей деятельности АО "СПК "Каспий";

      утверждение бюджета АО "СПК "Каспий";

      иные вопросы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Финансирование деятельности АО "СПК "Каспий" осуществляется за счет средств уставного капитала, инвестиционных кредитов, грантов или иных доходов в соответствии с законодательством.

      6. Взаимоотношения между АО "СПК "Каспий" и организациями

      Взаимоотношения между АО "СПК "Каспий" и организациями определяются его функциями, указанными выше. При этом влияние АО "СПК "Каспий" на деятельность организаций ограничивается рамками корпоративного управления через осуществление функций акционера и представительство в соответствующих советах директоров организаций, а также функции участника в организациях.

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 октября 2007 года N 970

Меморандум
об основных принципах деятельности акционерного общества "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Батыс"

      Сноска. Меморандум исключен постановлением Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).