Индустриялық-инновациялық саясат шеңберінде өңірлік дамытудың тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) олардың жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын Ақтау қаласында орналасатын "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ), Қостанай қаласында орналасатын "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ) және Ақтөбе қаласында орналасатын "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі - "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ) акционерлік қоғамдарын құрсын;
2) мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде біртұтас экономикалық нарық құру, инвестициялар тарту және инновациялар үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу жолымен "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні - Атырау, Маңғыстау облыстарының, "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні - Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының және "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні - Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып белгіленсін;
3) " Каспий " ӘКК" ҰК" АҚ, " Тобыл " ӘКК" ҰК" АҚ және " Батыс " ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумдарды бекітсін;
4) "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ, "Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және "Батыс" ӘКК" ҰК" АҚ қызметі үшін, жер учаскелерін және республикалық, коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде олардың жарғылық капиталына ақы төлеуді қоса алғанда, қажетті мемлекеттік активтерді беруді қамтамасыз етсін;
5) нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;
6) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.07.20. N 632 Жарлығымен.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті