Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2015 № 548 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);2) "Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 137-құжат):
тақырыптағы және 1-тармақтағы "және кепіл" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесінде және оның мөлшерінде:
тақырыптағы және мәтін бойынша "және кепіл" деген сөздер алынып тасталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |