Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 249 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 249 қаулысына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған кейбiр
шешiмдерiнің тізбесі

      1. «Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат).
      2. «Оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 858 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 400-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 978 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 40, 458-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 7 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 78-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 230 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 295-құжат).
      6. «Оралмандардың 2012 – 2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1581 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады