Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы N 1034 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.»"Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ішкі істер органдарына:
      а) белгіленген тәртіппен әрекет жасауға қабілетсіз немесе әрекет жасау қабілеті шектеулі деп танылған;
      б) сотпен белгілі бір мерзімнің ішінде мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылған;
      в) өзінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне заңмен белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
      г) қызметке орналасар алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапқа тартылған;
      д) қызметке орналасар алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзғаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
      е) қызметке орналасуға дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
      ж) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
      з) бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершіліктен ақтауға болмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған;
      и) алкоголизммен немесе нашақорлықпен созылмалы науқас ретінде денсаулық сақтау және ішкі істер органдарында есепте тұратын;
      к) науқасы бойынша мерзімді әскери қызметтен босатылған және әскери комиссариатта әскери саптық қызметке жарамсыз не шектеулі жарамды ретінде есепте тұратын;
      л) осы Ереженің 4 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға жауап бермейтін адамдар қабылданбайды.
      Көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      11-тармақтың бірінші абзацындағы»"дейін" деген сөзден кейін "Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "18 жасқа толмаған адамдармен келісім-шарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі қажет.";

      44-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Аға басшы құрамның-полиция полковнигі кезекті арнайы атағын беруге ұсынылған қызметкерлерінің атқаратын лауазымында кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.";

      45-тармақтың алтыншы абзацы өзгеріссіз қалдырылсын;

      48-тармақтың екінші абзацындағы "қоса алғанда-" деген сөздерден кейін "комитеттердің төрағалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      49-тармақтағы "докторанттарына" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оқу ақысын мемлекет қаражаты есебінен төлей отырып, Ішкі істер министрлігінің жолдамалары бойынша шет мемлекеттер ішкі істер органдарының оқу орындарында оқитындарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      65, 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "65. Ішкі істер органдарының қызметкерлерін аттестациялау - олардың кәсіби даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсім.
      Аттестациялау кезінде қызметкерлердің оларға жүктелген міндеттерді орындау қабілеті негізгі бағалау өлшемі болып табылады.
      67. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір кейінгі үш жыл сайын аттестациядан өтеді. Бұл ретте аттестация көрсетілген мерзім болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.
      Егер аттестацияланатын қызметкерлер жаңа лауазымға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестациядан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер ол функционалдық міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқпаса, бұл мерзім есепке алынбайды.
      Егер қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтен босатылған күнінен бастап және оны ішкі істер органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезең үшін өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда ішкі істер органдарында қызметте болған уақыты үздіксіз деп есептеледі.";

      68 және 69-тармақтар алынып тасталсын;

      70-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қызметкерлер қатарындағы әйелдер жүкті немесе бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде аттестациялауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және бір жылдан кешіктірмей аттестациялануы тиіс.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "72. Аттестациялау комиссиясының шешімі қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақ беру, қызметкерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау үшін кадр резервіне қабылдау, қызметкердің лауазымын төмендету немесе босату үшін негіз болып табылуы мүмкін.";

      88-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша түсетін қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ақшалай ұстау сақталатын, ал басқа оқу орындарына түсетіндерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшін ақшалай ұстау сақталмайтын оқу демалысы беріледі.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "91. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар:
      а) зейнетақы алуға құқық беретін еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша;
      б) жасы бойынша - осы Ереженің 13-тармағымен өздері үшін белгіленген қызметте болудың шекті жасына жеткендер;
      в) денсаулық жағдайы бойынша - әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (қаулысы) негізінде;
      г) штаттың қысқаруына немесе ішкі істер органдарының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда;
      д) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда;
      е) келісім-шартты бұзуға не келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты;
      ж) өз қалауы бойынша;
      з) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
      и) сынақ мерзімінің ішінде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
      к) әскери қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін;
      л) аттестацияның қорытындысы бойынша анықталған қызметке сай келмеуі бойынша;
      м) ішкі істер органдарының қызметкері атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін;
      н) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;
      о) заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің шығуына байланысты;
      п) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты қызметтен запасқа шығарылады.
      Қызметтен босатылатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің оқу орындарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар қызметтік куәлікті, нысанды және арнайы киім-кешекті тапсырады.";

      92 және 93-тармақтар алынып тасталсын;

      94-тармақтың бірінші абзацында:
      "(айналасындағыларға айқын көрінетіндей) болуы;" деген сөздерден кейін "сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін; қызметтік міндеттерін орындауға байланысты ішкі істер органдарының қызметкеріне белгілі болған мемлекеттік, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету;" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және т.б." деген сөздер алынып тасталсын;

      95-тармақтың екінші абзацындағы "екі ай" деген сөздер "бір ай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "96. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатуды осы лауазымдарға қызметкерлерді қабылдауға және тағайындауға құқық берілген лауазымды адамдар жүргізеді.";

      97-тармақ алынып тасталсын;

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "111. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне теріс қылықтары анықталған күнінен бастап бір айдан және теріс қылықтар жасаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей тәртіптік жаза қолданылады.
      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін теріс қылық жасағаны анықталған күнінен бастап үш айдан және теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тәртіптік жаза қолданылады.
      Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық іс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қолданылуы мүмкін.
      Жаза қолданар алдында қатардағы және басшы құрамдағы адамнан түсініктеме алынуы тиіс.
      Қызметкердің түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшін кедергі болып табылмайды. Мұндай бас тарту оған қатысқан куәгерлерді көрсете отырып, актімен ресімделеді.
      Кінәлі адамдарды анықтау, қызметкердің теріс қылық не өзге де құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау мақсатында, әдетте, ішкі істер органы басшысының нұсқауы бойынша тағайындалатын қызметтік тексеріс жүргізіледі.
      Қызметтік тексерістер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде:
      Ішкі істер министрлігі басшылығының, комитеттердің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы оқу орындары мен ұйымдардың нұсқауы (тапсырма-жоспар);
      ішкі істер органдары қызметкерлерінің баянаттары мен басқа құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің хабарламалары негізінде жүргізіледі.
      Қызметке толық сай еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату және атқарып отырған лауазымынан алу түріндегі жазалар жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижелері және тәртіптік комиссияның тиісті қорытындылары не ішкі істер органдарының қызметін тексеруді қарау қорытындылары бойынша Ішкі істер министрлігі алқасының немесе жедел кеңестің шешіміне сәйкес қолданылады.
      Ішкі істер министрлігінің алқасында немесе жедел кеңесте ішкі істер органдарының қызметін тексеру нәтижелері бойынша қызметкерлерді өзге де тәртіптік жауапқа тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін.".

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года N 1644

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2007 года № 1034. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.10.2011 № 1192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года N 1644 "Об утверждении Положения о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:
      в Положении о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. В органы внутренних дел не может быть принято лицо:
      а) признанное в установленном порядке недееспособным или ограниченно дееспособным;
      б) лишенное судом права занимать государственные должности в течение определенного срока;
      в) отказавшееся принять на себя ограничения, установленные законом, в целях недопущения действий, которые могут привести к использованию их статуса и основанного на нем авторитета в личных, групповых и иных неслужебных интересах;
      г) которое в течение двух лет перед поступлением на службу привлекалось к дисциплинарной ответственности за совершение коррупционного правонарушения;
      д) на которое в течение года перед поступлением на службу налагалось в судебном порядке административное взыскание за умышленное правонарушение;
      е) на которое в течение трех лет до поступления на службу за совершение коррупционного правонарушения налагалось в судебном порядке административное взыскание;
      ж) совершившее коррупционное преступление;
      з) ранее судимое и освобожденное от уголовной ответственности по нереабилитирующим основаниям, а также уволенное по отрицательным мотивам с государственной службы, иных правоохранительных органов, судов и органов юстиции;
      и) состоящее на учете в органах здравоохранения и внутренних дел как хронически больной алкоголизмом или наркоманией;
      к) освобожденное от срочной военной службы по болезни и состоящее на воинском учете в военном комиссариате как негодный либо ограниченно годный к военной строевой службе;
      л) не отвечающее требованиям, предусмотренным в пунктах 4 и 6 настоящего Положения.
      Непредставление или искажение указанных сведений является основанием для отказа в приеме на службу в органы внутренних дел.";
      в абзаце первом пункта 11 после слова "обучение" дополнить словами "в учебных заведениях Министерства внутренних дел";
      абзац первый пункта 12 дополнить предложением следующего содержания:
      "В случае заключения контракта с лицами, не достигшими 18-летнего возраста, необходимо согласие их родителей, усыновителей или попечителей.";
      пункт 44 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Сотрудники, представленные к присвоению очередного специального звания старшего начальствующего состава - полковника полиции, должны иметь опыт работы в занимаемой должности не менее 6 месяцев.";
      в абзаце шестом пункта 45 слово "года" заменить словом "лет";
      в абзаце втором пункта 48 после слова "включительно-" дополнить словами "председателями комитетов,";
      в пункте 49 после слов "внутренних дел" дополнить словами ", а также обучающимся в учебных заведениях органов внутренних дел иностранных государств по направлениям Министерства внутренних дел с оплатой обучения за счет государственных средств";
      пункты 65, 67 изложить в следующей редакции:
      "65. Аттестация сотрудников органов внутренних дел - периодически осуществляемая процедура по определению уровня их профессиональной подготовки, правовой культуры и способности работать с гражданами.
      Основным критерием оценки при аттестации является способность сотрудников выполнять возложенные на них обязанности.
      67. Сотрудники проходят аттестацию по истечении каждых последующих трех лет непрерывного пребывания на службе в системе правоохранительных органов. При этом аттестация должна быть проведена не позднее шести месяцев со дня наступления указанного срока.
      В случаях если аттестуемые сотрудники назначены на новые должности, они проходят аттестацию через один год после назначения. При назначении на равнозначные должности, если это не повлекло изменений функциональных обязанностей, данный срок не учитывается.
      Пребывание на службе в органах внутренних дел считается непрерывным, если со дня увольнения сотрудника со службы в системе правоохранительных органов и до дня его приема на службу в органах внутренних дел не прошло более трех месяцев, при условии отсутствия у него за указанный период трудовых отношений с иными юридическими (за исключением государственных органов) и физическими лицами.";
      пункты 68 и 69 исключить;
      абзац второй пункта 70 изложить в следующей редакции:
      "Не подлежат аттестации женщины из числа сотрудников в период их беременности и отпуска по уходу за детьми. Они аттестуются после выхода на службу не ранее чем через шесть месяцев и не позднее одного года.";
      пункт 72 изложить в следующей редакции:
      "72. Решение аттестационной комиссии может являться основанием для досрочного присвоения сотруднику специального звания, зачисления сотрудника в кадровый резерв для занятия вышестоящей должности, понижения сотрудника в должности или его увольнения.";
      абзац седьмой пункта 88 изложить в следующей редакции:
      "Лицам рядового и начальствующего состава, поступающим в учебные заведения Министерства внутренних дел по очной и заочной формам обучения, для подготовки и сдачи вступительных экзаменов предоставляются учебные отпуска с сохранением денежного содержания, а поступающим в другие учебные заведения для сдачи вступительных экзаменов без сохранения денежного содержания.";
      пункт 91 изложить в следующей редакции:
      "91. Лица рядового и начальствующего состава увольняются со службы в запас:
      а) по выслуге лет (срока службы) и достижении предельного возраста пребывания на воинской службе, дающих право на пенсию;
      б) по возрасту - достигшие установленного для них пунктом 13 настоящего Положения предельного возраста пребывания на службе;
      в) по состоянию здоровья - на основании заключения (постановления) военно-врачебной комиссии о непригодности или ограниченной пригодности к воинской службе;
      г) в связи с сокращением штатов или реорганизацией органов внутренних дел в случае невозможности использования в другой должности;
      д) в случае отказа от дальнейшего прохождения службы в связи с изменением условий труда;
      е) в связи с расторжением либо истечением срока контракта;
      ж) по собственному желанию;
      з) в связи с переходом в установленном порядке на работу в другие государственные органы (организации);
      и) в случае обнаружившейся непригодности к службе в течение испытательного срока;
      к) за грубое нарушение служебно-воинской дисциплины;
      л) по служебному несоответствию, выявившемуся по итогам аттестации;
      м) за совершение проступка, дискредитирующего звание сотрудника органов внутренних дел;
      н) в связи с совершением коррупционного правонарушения;
      о) в связи с состоявшимся обвинительным приговором суда, вступившим в законную силу;
      п) в связи с утратой гражданства Республики Казахстан.
      Лица рядового и начальствующего состава, увольняемые со службы, а также курсанты и слушатели, отчисленные из учебных заведений Министерства внутренних дел сдают служебное удостоверение, форменное и специальное обмундирование.";
      пункты 92 и 93 исключить;
      в абзаце первом пункта 94:
      после слов "(очевидного для окружающих);" дополнить словами "совершение коррупционного правонарушения, либо правонарушения, создающего условия для коррупции; разглашение сведений, составляющих государственную, служебную или иную охраняемую законом тайну, ставшую известной работнику органов внутренних дел в связи с выполнением служебных обязанностей;";
      слова "и т.п." исключить;
      в абзаце втором пункта 95 слова "два месяца" заменить словами "один месяц";
      пункт 96 изложить в следующей редакции:
      "96. Увольнение со службы лиц рядового и начальствующего состава производится должностными лицами, которым предоставлено право приема и назначения сотрудников на эти должности.";
      пункт 97 исключить;
      пункт 111 изложить в следующей редакции:
      "111. Дисциплинарное взыскание на сотрудников органов внутренних дел налагается не позднее одного месяца со дня обнаружения проступка и шести месяцев со дня совершения проступка.
      Дисциплинарное взыскание за совершение коррупционного правонарушения либо правонарушения, создающего условия для коррупции, налагается не позднее трех месяцев со дня обнаружения проступка и не может быть наложено позднее одного года со дня совершения проступка.
      В случае отказа в возбуждении уголовного дела либо прекращения уголовного дела, но при наличии в деяниях сотрудника признаков коррупционного административного правонарушения или дисциплинарного проступка взыскание может быть наложено не позднее трех месяцев со дня принятия решения об отказе в возбуждении уголовного дела либо его прекращения.
      Перед наложением взыскания от лица рядового и начальствующего состава должно быть получено объяснение.
      Отказ работника от дачи объяснения не является препятствием для применения взыскания. Такой отказ оформляется актом с указанием присутствующих при этом свидетелей.
      В целях установления виновных лиц, выявления причин и условий, способствующих совершению сотрудником проступка либо иного правонарушения, как правило, проводится служебная проверка, назначаемая по указанию руководителя органа внутренних дел.
      Служебные проверки проводятся в соответствии с действующим законодательством, в том числе на основании:
      указания (план-задание) руководства Министерства внутренних дел, комитетов, департаментов внутренних дел областей, городов Астаны, Алматы и на транспорте, учебных заведений и организаций, находящихся в ведении Министерства внутренних дел;
      рапорта сотрудников органов внутренних дел и сообщения работников других правоохранительных и судебных органов.
      Взыскание в виде предупреждения о неполном служебном соответствии, освобождения от занимаемой должности и увольнения с занимаемой должности налагаются по результатам проведенного служебного расследования и соответствующим выводам дисциплинарной комиссии либо в соответствии с решением коллегии Министерства внутренних дел или оперативного совещания по итогам рассмотрения проверки деятельности органов внутренних дел.
      По результатам проверки деятельности органов внутренних дел на коллегии Министерства внутренних дел или оперативном совещании может быть принято решение о привлечении сотрудников к иной дисциплинарной ответственности.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан