Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1043 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2007 жылғы 18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімге Хаттаманы іске асыруды жеделдету мақсатында, Қытай Халық Республикасымен қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтің негізгі мәні бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 34, 454-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтің негізгі мәні бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі мынандай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін пайдалануға беру мақсатында жүзеге асырылатын Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін (бұдан әрі - Атырау - Алашанькоу мұнай құбыры) және олардың объектілерін қайта жаңарту және салу үшін»"Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "МұнайТас" Солтүстік Батыс Құбыржол компаниясы" акционерлік қоғамы,»"КазТрансОйл" акционерлік қоғамы 2007 жылғы 18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімге Хаттамаға сәйкес қызметтің негізгі мәні бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
      1) жобалық-зерттеу жұмыстарын, авторлық қадағалауды, жобалық жұмыстардың сараптамаларын қоса алғанда, нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік сараптамалардан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және мөлшерде Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін салу және қайта жаңарту үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
      құбыр өнімі;
      тиекті арматура;
      сорғы жабдығы мен агрегаттары;
      термошөгінді манжеттер және оқшауландырғыш материалдар;
      дәнекерлеу материалдары мен жабдығы;
      тазалау қондырғыларын іске қосу және қабылдау камералары;
      темір-бетон бұйымдары;
      металл прокаты және металл конструкциялары;
      электр сымдары;
      жылжымалы және тұрақты дизельді электр станциялары;
      катодтық қорғау станциялары;
      бақылау, басқару және деректер жинау жүйесінің жабдығы;
      технологиялық жабдыққа арналған блок бокстар;
      талшықты-оптикалық кабель;
      байланыс жабдығы;
      периметральды қорғау жүйесінің жабдығы;
      өртке қарсы дабыл және өрт сөндіру жүйесінің жабдығы;
      күш және бақылау кабельдері;
      мұнайдың мөлшері мен сапасын коммерциялық есептеу тораптары;
      автоматтандырылған сынама алғыштар;
      жоғары вольтты жабық және ашық таратушы қондырғыларға арналған электр жабдығы;
      электр трансформаторлары;
      қысым реттегіштер;
      технологиялық фильтрлер;
      арнайы қорғау киімі мен аяқ киім;
      жанар-жағар май материалдары;
      АҚП-ға арналған арнайы машиналар, автокөлік техникасы;
      магистральдық мұнай құбыры объектілерін, жоғары вольтты желілерді, жолдарды, мұнай айдау станцияларын, сыртқы электрмен жабдықтауды және сумен жабдықтауды, технологиялық байланыс жүйесін, мұнай құбырын бақылау, басқару және деректер жинау жүйесін салу;
      3) жобалауды, тауарларды (материалдар мен жабдықтарды) жеткізуді және мұнай құбыры объектілерін салуды басқару және қадағалау;
      4) Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін жобалауға, салуға және пайдалануға беруге байланысты консультациялық, оның ішінде заң және қаржы қызметтері;
      Негізгі келісімнің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 қаулысының 2-тармағының орындалуын бақылауға жауапты мемлекеттік орган:
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 948

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2007 года N 1043. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 января 2011 N 56

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.01.2011 N 56 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В целях ускорения реализации  Протокола к Рамочному соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о развитии всестороннего сотрудничества в области нефти и газа от 17 мая 2004 года, совершенного 18 августа 2007 года, во исполнение договоренностей, достигнутых с Китайской Народной Республикой Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 948 "Об утверждении Перечня товаров, работ и услуг, приобретение которых организациями по основному предмету деятельности, осуществляемое в соответствии с международными соглашениями Республики Казахстан, не является предметом государственных закупок" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 34, ст. 454) следующее дополнение:
      Перечень товаров, работ и услуг, приобретение которых организациями по основному предмету деятельности, осуществляемое в соответствии с международными соглашениями Республики Казахстан, не является предметом государственных закупок, утвержденный указанным постановлением, дополнить пунктом 4 следующего содержания:
      "4. Товары, работы и услуги, приобретаемые товариществом с ограниченной ответственностью "Казахстанско-Китайский Трубопровод", акционерным обществом "Северо-Западная трубопроводная компания "МунайТас", акционерным обществом "КазТрансОйл" по основному предмету деятельности в соответствии с Протоколом к Рамочному соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о развитии всестороннего сотрудничества в области нефти и газа от 17 мая 2004 года, совершенным 18 августа 2007 года для реконструкции и строительства системы магистральных нефтепроводов по маршруту Атырау - Кенкияк - Кумколь - Атасу - Алашанькоу и ее объектов, осуществляемых в целях ввода в эксплуатацию второго этапа нефтепровода Казахстан - Китай (далее - нефтепровод Атырау - Алашанькоу):
      1) разработка проектно-сметной документации в соответствии с нормативно-технической документацией, включая проектно-изыскательские работы, авторский надзор, экспертизы проектных работ;
      2) товары, работы и услуги, необходимые для строительства и реконструкции системы магистральных нефтепроводов по маршруту Атырау - Кенкияк - Кумколь - Атасу - Алашанькоу, в объемах и количестве, предусмотренных проектно-сметной документацией, прошедшей в установленном законодательством порядке соответствующие государственные экспертизы:
      трубная продукция;
      запорная арматура;
      насосное оборудование и агрегаты;
      термоусадочные манжеты и изолировочные материалы;
      сварочные материалы и оборудование;
      камеры пуска и приема очистных устройств;
      железобетонные изделия;
      металлопрокат и металлоконструкции;
      электрические провода;
      передвижные и стационарные дизельные электростанции;
      станции катодной защиты;
      оборудование системы контроля, управления и сбора данных;
      блок-боксы для технологического оборудования;
      волоконно-оптический кабель;
      оборудование связи;
      оборудование системы периметральной охраны;
      оборудование системы противопожарной сигнализации и пожаротушения;
      силовые и контрольные кабели;
      узлы коммерческого учета количества и качества нефти;
      автоматические пробоотборники;
      электрооборудование для высоковольтных закрытых и открытых распределительных устройств;
      электрические трансформаторы;
      регуляторы давления;
      технологические фильтры;
      специальная защитная одежда и обувь;
      горюче-смазочные материалы;
      спецмашины, автотранспортная техника для АВП;
      строительство объектов магистрального нефтепровода, высоковольтных линий, дорог, нефтеперекачивающих станций, внешнего электроснабжения и водоснабжения, системы технологической связи, системы контроля, управления и сбора данных нефтепровода;
      3) управление и надзор за проектированием, поставками товаров (материалов и оборудования) и строительством объектов нефтепровода;
      4) консультационные услуги, в том числе юридические и финансовые, связанные с проектированием, строительством и вводом в эксплуатацию системы магистральных нефтепроводов по маршруту Атырау - Кенкияк - Кумколь - Атасу - Алашанькоу;
      Государственный орган, ответственный за контроль исполнения Рамочного соглашения и пункта 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 948:
      Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан