Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 56 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-1-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Халықаралық келiсiмдерге сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген ақша қаражатының оңтайлы және тиiмдi жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 9 қыркүйектегi
N 948 қаулысымен     
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi

      1. Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын жобалау, салу және iске қосу қызметiнiң негiзгi мән-жайы болып табылатын "Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершiлігі шектеулi серiктестігі 2004 жылғы 8 қыркүйекте жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелiк келiсiмге  Хаттамаға (бұдан әрi - Негiзгі келiсiмге Хаттама) сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
      1) жобалау-iздестiру жұмыстарын, авторлық қадағалауды, жобалау жұмыстарын сараптауды қоса алғанда нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу;
      2) заңнамада белгіленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және санда Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу үшiн қажеттi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
      құбыр өнiмi;
      тиекті арматура;
      сорғы жабдықтары мен агрегаттары;
      термошөгіндi манжеттер және оқшауландырғыш материалдар;
      дәнекерлеу материалдары мен жабдықтары;
      iске қосу және тазалау қондырғыларын қабылдау камералары;
      темiр бетондық бұйымдар;
      металл прокаты және металл конструкциялары;
      электр құбырлары;
      жылжымалы және стационарлық дизельдiк электр станциялары;
      катодтық қорғау станциялары;
      бақылау, басқару және деректер жинау жүйесi жабдықтары;
      технологиялық жабдықтарға арналған блок-бокстаp;
      талшықты-оптикалық кабель;
      байланыс жабдықтары;
      периметральды қорғау жүйесiнiң жабдықтары;
      өртке қарсы дабыл және өрт сөндiру жүйесiнiң жабдықтары;
      күш және бақылау кабельдерi;
      мұнай көлемi мен санын коммерциялық есептеу тораптары;
      автоматтандырылған сынама алғыштар;
      жоғары вольтты жабық және ашық таратушы қондырғыларға арналған электр жабдықтары;
      электр трансформаторлары;
      қысым реттегіштер;
      технологиялық фильтрлер;
      арнайы қорғау киiмi мен аяқ киiм;
      жанар-жағар май материалдары;
      АҚП-ға арналған арнайы машиналар, автокөлiк техникасы;
      магистральды мұнай құбыры объектiлерiн, мұнай құбырының жоғары вольтты желiлерiн, жолдарын, мұнай айдау станцияларын, оны сыртқы электрмен жабдықтау және сумен жабдықтауды, технологиялық байланыс жүйелерiн, оны бақылау, басқару және деректер жинау жүйесiн салу;
      3) жобалауды, тауарларды (материалдар мен жабдықтарды) жеткiзудi және мұнай құбыры объектiлерiн салуды басқару және қадағалау;
      4) консультациялық, оның iшiнде заң және қаржы қызметтерi.
      Негіздемелiк келiсiмге Хаттама мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948  қаулысы 2-тармағының орындалуын бақылау үшiн жауапты мемлекеттiк орган:
      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі.
      2. Қызметiнiң негiзгi мәнi "Байқоңыр" ғарыш айлағының ғарыштық инфрақұрылым объектiлерiнiң базасында жаңа экологиялық қауiпсiз "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру болып табылатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы 2005 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының  Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 22 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмге сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
      1) "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiнiң (бұдан әрi - "Бәйтерек" ҒЗК) құрамында пайдалану болжанып отырған техникалық және ұшу кешендерiнiң жабдығына тексерiс жүргiзу, бөлшектелетiн жабдықтың құрамын анықтау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының көлемiн анықтау;
      2) "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанып отырған техникалық және ұшу кешендерiнiң құрылыс конструкциялары мен инженерлiк-техникалық жүйелерiн зерттеу;
      3) "Бәйтерек" ҒЗК-ге техникалық жобаны әзiрлеу, жаңа агрегаттар мен техникалық және старттық кешендердiң жүйелерiн жасау және жұмыс iстеп тұрғандарын жетiлдiру жөнiндегi тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырмалар беру, инвестицияларды негiздеу үшiн бастапқы деректердi беру;
      4) ұшу және техникалық кешендердiң, жердегi жабдық жинақтарының, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарының жаңадан құрылатын және жетiлдiрiлетiн технологиялық агрегаттары мен жүйелерiне эскиздiк жобалар және конструкторлық құжаттама шығару;
      5) техникалық тапсырмаларды, бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеу, "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанып отырған ұшу және техникалық кешендер жабдығының белгiленген көрсеткiштерiн ұзарту жөнiнде жұмыс жүргiзу, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, қорытындылар беру;
      6) "Бәйтерек" ҒЗК жұмыстарында iске қосылмаған жабдықты бөлшектеу;
      7) кешеннiң құрылыс бөлiгiне бастапқы деректердi беру, ұшу және техникалық кешендердi қайта жаңартуға арналған инвестициялардың негiздемесiн әзiрлеу;
      8) жобаның жұмыс құжаттамасының негiзiнде iздестiру жұмыстарын жүргiзу;
      9) ұшу және техникалық кешендердi қайта жаңарту жөнiндегi құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған жұмыс жобасын әзiрлеу;
      10) жетiлдiрiлетiн және жаңадан енгiзiлетiн технологиялық агрегаттар мен жүйелердiң, жердегi жабдық жинақтарының, тексеру аппаратурасының және тасымалдау құралдарының жабдығын жасау әрi жеткiзу;
      11) технологиялық агрегаттар мен жүйелерге арналған пайдалану құжаттамасын, жердегi жабдық жинақтарын, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарын шығару, кешендi құжаттаманы шығару;
      12) технологиялық жабдықты жасау және жеткiзу;
      13) құрылыс жұмыстарын жүргiзу, ұшу және техникалық кешендерде арнаулы техникалық жүйелердi монтаждау;
      14) технологиялық жабдықты, жердегi жабдық жинақтарын, тексеру аппаратурасын монтаждау;
      15) iске қосу-жөндеу жұмыстарын, ұшу және техникалық кешендердiң жyйелерi мен агрегаттарын автономды және кешендi сынауларды жүргiзу;
      16) "Бәйтерек" ҒЗК үшiн қазiргi "Байқоңыр" кешенiндегi байланыс және телекоммуникациялық қамтамасыз ету жүйесiн жете жарақтандыру;
      17) "Бәйтерек" ҒЗК өлшеу, ақпарат жинау және өңдеу құралдарының кешенiн құру;
      18) темiр жолдарды қайта жаңарту;
      19) оттегi-азот зауытын және зымыран отын құрауыштарын сақтау кешенiн қайта жаңарту;
      20) 11Г141 және 11Г12 май құю-бейтараптандыру станцияларын қайта жаңарту;
      21) бағдарламалық-әдiстемелiк және кешендi пайдалану құжаттамасын әзiрлеу;
      22) "Бәйтерек" ҒЗК-нiң экологиялық, қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi және "Бәйтерек" ҒЗК-нi құру мен пайдалану кезiнде зымыран тасығыштан бөлiнетiн бөлiктердiң ұшу трассалары мен құлайтын аудандарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар;
      23) регламенттiк жұмыстарды, техникалық және ұшу кешендерi жабдығын, өлшеу, ақпарат жинау және өңдеу құралдарының кешенiн, айдау блогын жер үстi басқару кешенiн және "Бәйтерек" ҒЗК инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн ұстау және ағымдағы пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
      24) ғарыштық мақсаттағы зымыранмен жұмыстарға технологиялық жабдық дайындау;
      25) техникалық және ұшу кешендерiндегi ғарыштық мақсаттағы зымыранды жинау және сынау жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету;
      26) зымыран отынының құрауыштарын сатып алу және тасымалдау;
      27) iске қосқаннан кейiнгi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары;
      28) "Бәйтерек" ҒЗК-нiң құрылыс ғимараттарының, техникалық және технологиялық жабдықтарының белгiленген көрсеткiштерi мен ресурсын ұзарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу.
      Келiсiмнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 948  қаулысының 2-тармағының орындалуын бақылауға жауапты мемлекеттiк орган:
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
       Ескерту. Тізбе 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.31.  N 223 қаулысымен.
       3. Қызметiнiң негiзгi мәнi 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (бұдан әрi - Келiсiм) шеңберiнде табиғи газды сатып алу оның маркетингi, тасымалдау және қайта өңдеу болып табылатын "ҚазРесейГаз" бiрлескен кәсiпорны - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Келiсiмге сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер:
      1) Қарашығанақ кен орнының табиғи газы;
      2) Қазақстан Республикасында тұтынуға арналған газдың көлемiн қоса алғанда, Ресей Федерациясының газ өңдеу зауыттарында Қарашығанақ кен орнының табиғи газын тасымалдау және өңдеу жөнiндегi жұмыстар мен қызметтер;
      3) Қазақстан Республикасының iшкi нарығын айырбастау операцияларының шеңберiнде басым қамтамасыз ету мақсатында басқа көздерден алынатын табиғи газ және оны тасымалдау жөнiндегi қызметтер.
      Келiсiмнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 948 қаулысының 2-тармағының орындалуын бақылауға жауапты мемлекеттiк орган:
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi.
       Ескерту. Тізбе 3-тармақпен толықтырылды   - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N  1320 қаулысымен.
      4. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін пайдалануға беру мақсатында жүзеге асырылатын Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін (бұдан әрі - Атырау - Алашанькоу мұнай құбыры) және олардың объектілерін қайта жаңарту және салу үшін»"Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "МұнайТас" Солтүстік Батыс Құбыржол компаниясы" акционерлік қоғамы,»"КазТрансОйл" акционерлік қоғамы 2007 жылғы 18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімге Хаттамаға сәйкес қызметтің негізгі мәні бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
      1) жобалық-зерттеу жұмыстарын, авторлық қадағалауды, жобалық жұмыстардың сараптамаларын қоса алғанда, нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік сараптамалардан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және мөлшерде Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін салу және қайта жаңарту үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
      құбыр өнімі;
      тиекті арматура;
      сорғы жабдығы мен агрегаттары;
      термошөгінді манжеттер және оқшауландырғыш материалдар;
      дәнекерлеу материалдары мен жабдығы;
      тазалау қондырғыларын іске қосу және қабылдау камералары;
      темір-бетон бұйымдары;
      металл прокаты және металл конструкциялары;
      электр сымдары;
      жылжымалы және тұрақты дизельді электр станциялары;
      катодтық қорғау станциялары;
      бақылау, басқару және деректер жинау жүйесінің жабдығы;
      технологиялық жабдыққа арналған блок бокстар;
      талшықты-оптикалық кабель;
      байланыс жабдығы;
      периметральды қорғау жүйесінің жабдығы;
      өртке қарсы дабыл және өрт сөндіру жүйесінің жабдығы;
      күш және бақылау кабельдері;
      мұнайдың мөлшері мен сапасын коммерциялық есептеу тораптары;
      автоматтандырылған сынама алғыштар;
      жоғары вольтты жабық және ашық таратушы қондырғыларға арналған электр жабдығы;
      электр трансформаторлары;
      қысым реттегіштер;
      технологиялық фильтрлер;
      арнайы қорғау киімі мен аяқ киім;
      жанар-жағар май материалдары;
      АҚП-ға арналған арнайы машиналар, автокөлік техникасы;
      магистральдық мұнай құбыры объектілерін, жоғары вольтты желілерді, жолдарды, мұнай айдау станцияларын, сыртқы электрмен жабдықтауды және сумен жабдықтауды, технологиялық байланыс жүйесін, мұнай құбырын бақылау, басқару және деректер жинау жүйесін салу;
      3) жобалауды, тауарларды (материалдар мен жабдықтарды) жеткізуді және мұнай құбыры объектілерін салуды басқару және қадағалау;
      4) Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін жобалауға, салуға және пайдалануға беруге байланысты консультациялық, оның ішінде заң және қаржы қызметтері;
      Негізгі келісімнің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 қаулысының 2-тармағының орындалуын бақылауға жауапты мемлекеттік орган:
      Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі.
      Ескерту. Тізбе 4-тармақпен толықтырылды   - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1043 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады