Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1057 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2301 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі;
      2) медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 20, 258-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 және 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 1, 11-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1224 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 579-құжат).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 7 қарашадағы
N 1057 қаулысымен 
бекітілген     

Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына және Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және заңды және жеке тұлғалардың медициналық, дәрігерлік қызметпен (бұдан әрі - медициналық қызмет) айналысуына лицензияларды берудің тәртібі мен талаптарын айқындайды. K090193

      2. Медициналық қызметті республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер және еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама бөлігінде лицензиялауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      Республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтерді және еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманы қоспағанда, медициналық қызметті лицензиялауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      3. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - лицензиаттар) лицензиялауға жатады.

      4. Медициналық қызметті лицензиялау азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету, лицензиаттардың халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

      5. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдар лицензияны, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттарда және тәртіппен алады.

2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің
шарттары мен тәртібі

      6. Медициналық қызметпен айналысуға лицензия мерзімі шектелмей беріледі. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа заңды немесе жеке тұлғаға бере алмайды.

      7. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      8. Лицензия мен лицензияға қосымшаның нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .
      Медициналық қызметтің кіші түрі көрсетілген лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.

      9. Медициналық қызметтің лицензияланатын кіші түрі Заңмен белгіленеді.

      10. Медициналық қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаларды тіркеу орны бойынша беріледі.

      11. Медициналық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген кезде алынады.
      Медициналық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .
      Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.

      12. Медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) өтініш;
      2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      6) жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:
      үй-жайға немесе оны жалға алуға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      экспликациясы бар үй-жайдың техникалық паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      медициналық қызметтің өтініш берілетін кіші түрлеріне сай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтардың, техниканың, аппаратура мен құралдардың, мүкәммалдың, арнайы киімнің, олардың сақталуын қамтамасыз етуге және жағдай жасауға арналған құралдардың болуын растайтын құжаттар;
      заңды тұлғалар үшін бірінші басшы бекіткен штат кестесі;
      біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін);
      жеке тұлғалар үшін (заңды тұлғалар үшін - медицина қызметкерлерінің) білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      медициналық қызметтің өтініш берілетін кіші түрлері бойынша соңғы 5 жыл ішінде жеке тұлғаның (заңды тұлғалардың медицина қызметкерлерінің) мамандандырудан, білімін жетілдіруден және біліктілігін арттырудың басқа түрлерінен өткендігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      жеке тұлғаның (заңды тұлғалар үшін - медицина қызметкерлердің) қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      жеке тұлғаның (заңды тұлғалар үшін - медицина қызметкерлерінің) маман сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      медицина қызметкерлерін (заңды тұлғалар үшін) жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      халықтық медицина әдістерімен емдеумен (емшілікпен) айналысқысы келетін, арнайы медициналық білімі жоқ адамдар үшін медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган берген халықтық және дәстүрлі емес медицина әдістерімен емдеуді жүзеге асыру құқығына берілетін куәлік. V095877

      13. Лицензиясы бар медициналық қызмет шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) өтініш;
      2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) осы Ереженің 12-тармағының 7) тармақшасында көзделген мәліметтер мен құжаттар.

      14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

      15. Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзімнің ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      16. Лицензиар басшысы не осыған уәкілетті тұлға лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға қол қояды және олар лицензиардың мөрімен куәландырылады.

      17. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны өтініш берушіге немесе оның уәкілетті өкіліне беру сенімхаттың негізінде жүргізіледі.

      18. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
      Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын беру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлейді.

3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту

      19. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға тыйым салынған;
      2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қаралады;
      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
      5) өтініш берушіге қатысты оған медициналық қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылуы мүмкін.

      20. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

      21. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      22. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша Заңның 48-бабында көзделген жағдайларда өзінің қолданылуын тоқтатады.

5. Лицензиялық бақылау

      23. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
      Лицензиар өз құзыретінің шеңберінде лицензиаттан бақылау функцияларын орындау үшін қажетті тиісті ақпаратты ұсынуын талап етуге құқылы.

      24. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялар тізілімін жасайды.
      Лицензиялар тізілімінде Заңның 8-бабының 5) тармақшасында көзделген мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 7 қарашадағы
N 1057 қаулысымен
бекітілген   

Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік талаптары

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық, дәрігерлік қызметті (бұдан әрі - медициналық қызмет) лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: 

      1) санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласында қойылатын талаптарға сәйкес келетін үй-жайдың; 

      2) медициналық қызметтің өтініш берілетін кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтардың, техниканың, аппаратура мен құралдардың, мүкәммалдың, арнайы киімнің, олардың сақталуын қамтамасыз етуге және жағдай жасауға арналған құралдардың; 

      3) осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлері штатының; 

      4) медициналық қызметтің өтініш берілетін кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімінің; 

      5) медициналық қызметтің өтініш берілетін кіші түрлері бойынша соңғы 5 жыл ішінде мамандандырудың немесе білімін жетілдірудің және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің; 

      6) жеке тұлғаларда медициналық қызметтің өтініш берілетін кіші түрлері бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің; 

      7) тиісті маман сертификатының; 

      8) медицина қызметкерлерін (заңды тұлғалар үшін) жұмысқа қабылдауды растайтын құжаттың. 

      2. Халық медицинасының әдістерімен емдеумен (емшілікпен) айналысқысы келетін, арнайы медициналық білімі жоқ адамдар үшін осы біліктілік талаптарының 1-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген талаптарға қосымша медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган беретін тиісті куәлігінің болуы қажет. V095877

                                    Медициналық, дәрігерлік қызметті
                                     лицензиялау кезінде қойылатын
                                        біліктілік талаптарына
                                                қосымша

          Медицина қызметкерлері туралы мәліметтер
      _______________________________________________
            (денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
        (20__жылғы "_______"___________ жағдай бойынша)

Р/
с
N

Тегі,
аты,
әкесінің
аты

Атқарып
отырған
қызметі

Білімі

Маман-
дығы
бойынша
өтілі

Соңғы
бес
жылдың
ішінде
білік-
тілі-
гін
артты-
ру
туралы
құжаты

Білік-
тілік
санаты
беріл-
мей
маман
серти-
фика-
тының
болуы

Білік-
тілік
санаты
беріл-
мей
маман
серти-
фика-
тының
болуы

1

2

3

4

8

9

10

11

Басшы_________________________________________________
                  (қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман)_____________________
                                                (қолы, Т.Ә.А.)

Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых при лицензировании медицинской, врачебной деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 ноября 2007 года N 1057. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2301

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.12.2009 N 2301 (порядок введения в действие см. п. 4).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 4 июня 2003 года " О системе здравоохранения " и от 11 января 2007 года " О лицензировании " Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила лицензирования медицинской, врачебной деятельности;
      2) квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании медицинской, врачебной деятельности.

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2001 года N 767 "Об утверждении Правил лицензирования медицинской и врачебной деятельности" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 20, ст. 258);
      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 11 января 2002 года N 35 "О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2000 года N 1624 и от 7 июня 2001 года N 767" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 1, ст. 11);
      3) постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2004 года N 1224 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2001 года N 767" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 45, ст. 579).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 7 ноября 2007 года N 1057

Правила
лицензирования медицинской, врачебной деятельности

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила лицензирования медицинской, врачебной деятельности (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июня 2003 года " О системе здравоохранения " и Законом Республики Казахстан от 11 января 2007 года " О лицензировании " (далее - Закон) и определяют порядок и условия выдачи лицензий юридическим и физическим лицам на занятие медицинской, врачебной деятельностью (далее - медицинская деятельность). K090193

      2. Лицензирование медицинской деятельности в части работ и услуг, выполняемых организациями республиканского значения, и экспертизы временной нетрудоспособности, судебно-психиатрической и судебно-наркологической экспертизы осуществляется государственным органом по контролю в сфере оказания медицинских услуг.
      Лицензирование медицинской деятельности, за исключением работ и услуг, выполняемых организациями республиканского значения, и экспертизы временной нетрудоспособности, судебно-психиатрической и судебно-наркологической экспертизы осуществляется местными исполнительными органами областей (города республиканского значения, столицы).

      3. Лицензированию подлежит деятельность юридических лиц, осуществляющих деятельность в области здравоохранения и физических лиц, занимающихся частной медицинской практикой (далее - лицензиаты).

      4. Лицензирование медицинской деятельности производится в целях обеспечения охраны здоровья и жизни граждан, оценки возможности оказания лицензиатами качественных медицинских услуг населению.

      5. Иностранцы, лица без гражданства, иностранные юридические лица и международные организации получают лицензию на таких же условиях и в том же порядке, что и юридические и физические лица Республики Казахстан, если иное не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан.

2. Условия и порядок выдачи лицензии и
(или) приложения к лицензии

      6. Лицензия на занятие медицинской деятельностью выдается без ограничения срока. Лицензия является неотчуждаемой и не может быть передана лицензиатом другому юридическому или физическому лицу.

      7. Действие лицензии распространяется на всей территории Республики Казахстан, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан .

      8. Форма лицензии и приложения к лицензии устанавливаются Правительством Республики Казахстан .
      Приложение к лицензии с указанием подвида медицинской деятельности является неотъемлемой частью лицензии.

      9. Лицензируемые подвиды медицинской деятельности определяются Законом .

      10. Лицензия и (или) приложение к лицензии на занятие медицинской деятельностью выдаются по месту регистрации физических или юридических лиц, если лицензиаром является местный исполнительный орган области (города республиканского значения, столицы) или территориальные подразделения государственного органа по контролю в сфере оказания медицинских услуг.

      11. Лицензионный сбор за право занятия медицинской деятельностью взимается при выдаче лицензии (дубликата лицензии) в соответствии с Налоговым кодексом Республики Казахстан.
      Ставки лицензионного сбора за право занятия медицинской деятельностью устанавливаются Правительством Республики Казахстан.
      При выдаче приложений к лицензии (дубликатов приложений к лицензии) лицензионный сбор не взимается.

      12. Для получения лицензии на медицинскую деятельность и приложения к лицензии необходимы следующие документы:
      1) заявление;
      2) нотариально заверенные копии Устава и свидетельства о государственной регистрации заявителя в качестве юридических лиц - для юридических лиц;
      3) копия документа, удостоверяющего личность - для физических лиц;
      4) нотариально заверенная копия свидетельства о государственной регистрации заявителя в качестве индивидуального предпринимателя - для индивидуального предпринимателя;
      5) нотариально заверенная копия свидетельства о постановке заявителя на учет в налоговом органе;
      6) документ, подтверждающий уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности;
      7) сведения и документы в соответствии с квалификационными требованиями:
      нотариально заверенная копия документа, удостоверяющего право собственности на помещение или на его аренду;
      нотариально заверенная копия технического паспорта помещения с экспликацией;
      документы, подтверждающие наличие медицинского и (или) специального оборудования, техники, аппаратуры и инструментариев, инвентаря, специальной одежды, средств для обеспечения и условий их хранения в соответствии с законодательством Республики Казахстан , согласно заявляемым подвидам медицинской деятельности;
      штатное расписание, утвержденное первым руководителем для юридических лиц;
      сведения о медицинских работниках, согласно приложению к квалификационным требованиям (для юридических лиц);
      нотариально заверенная копия диплома об образовании для физических лиц (для юридических лиц - медицинских работников);
      нотариально заверенные копии документов, подтверждающих прохождение специализации, усовершенствования и других видов повышения квалификации физическим лицом (медицинскими работниками юридических лиц) за последние 5 лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности;
      нотариально заверенные копии документов, подтверждающих трудовую деятельность физического лица (для юридических лиц - медицинских работников);
      нотариально заверенная копия сертификата специалиста физического лица (для юридических лиц - медицинских работников);
      нотариально заверенные копии приказов о принятии на работу медицинских работников (для юридических лиц);
      удостоверение на право осуществления лечения методами народной и нетрадиционной медицины, выданное государственным органом по контролю в сфере оказания медицинских услуг для лиц, не имеющих специального медицинского образования, желающих заниматься лечением методами народной медицины (целительством). V095877

      13. Для получения приложения к лицензии в рамках медицинской деятельности, на которую имеется лицензия, необходимы следующие документы:
      1) заявление;
      2) нотариально заверенная копия лицензии;
      3) сведения и документы, предусмотренные пп.7 п.12 настоящих Правил.

      14. Все документы, представленные соответствующему лицензиару для выдачи лицензии и (или) приложения к лицензии, принимаются по описи, копия которой направляется (вручается) заявителю с отметкой о дате приема документов.

      15. Лицензия и (или) приложение к лицензии выдаются лицензиаром не позднее тридцати рабочих дней, а для субъектов малого предпринимательства не позднее десяти рабочих дней со дня представления заявления с соответствующими документами, установленными настоящими Правилами.
      Лицензиар в течение срока, установленного настоящим пунктом, обязан выдать лицензию и (или) приложение к лицензии либо дать мотивированный ответ в письменном виде о причинах отказа в выдаче лицензии и (или) приложения к лицензии.
      Переоформление и выдача дубликатов лицензии и (или) приложения к лицензии осуществляется в порядке установленном Законом .

      16. Лицензия и (или) приложение к лицензии подписываются руководителем лицензиара либо уполномоченным на это лицом и заверяются печатью лицензиара.

      17. Выдача лицензии и (или) приложения к лицензии производится заявителю или его уполномоченному представителю на основании доверенности.

      18. При утере, порче лицензии и (или) приложения к лицензии лицензиат имеет право на получение дубликатов лицензии и (или) приложения к лицензии.
      При этом лицензиат уплачивает в бюджет лицензионный сбор за право занятия отдельными видами деятельности при выдаче дубликата лицензии в порядке и размере, установленном налоговым законодательством Республики Казахстан .

3. Отказ в выдаче лицензии и (или) приложения к лицензии

      19. В выдаче лицензии и (или) приложения к лицензии может быть отказано в случаях, если:
      1) занятие видом деятельности запрещено законами Республики Казахстан для данной категории субъектов ;
      2) не представлены все документы, требуемые в соответствии с настоящими Правилами. При устранении заявителем указанных препятствий заявление рассматривается на общих основаниях;
      3) не внесен лицензионный сбор за право занятия отдельными видами деятельности, в случае подачи заявления на выдачу лицензии на вид деятельности;
      4) заявитель не соответствует квалификационным требованиям;
      5) в отношении заявителя имеется вступивший в законную силу приговор суда, запрещающий ему заниматься медицинской деятельностью.

      20. При отказе в выдаче лицензии лицензиаром заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи лицензии и (или) приложения к лицензии.

4. Приостановление, прекращение действия, лишение лицензии

      21. Приостановление действия, лишение лицензии осуществляются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях .

      22. Лицензия и (или) приложение к лицензии прекращают свое действие в случаях, предусмотренных статьей 48 Закона.

5. Лицензионный контроль

      23. Лицензиар осуществляет лицензионный контроль, направленный на обеспечение соблюдения лицензиатом законодательства Республики Казахстан о лицензировании.
      Лицензиар вправе требовать от лицензиата в рамках своей компетенции представления соответствующей информации, необходимой для выполнения контрольных функций.

      24. Лицензиар ведет реестр лицензий, содержащий сведения о выданных, переоформленных, приостановленных, возобновленных и прекративших действие лицензиях.
      В реестре лицензий должны быть указаны сведения, предусмотренные подпунктом 5) статьи 8 Закона.

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 ноября 2007 года N 1057

Квалификационные требования, предъявляемые при
лицензировании медицинской, врачебной деятельности

      1. Квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании медицинской, врачебной деятельностью (далее - медицинская деятельность), в соответствии с законодательством Республики Казахстан включают наличие :
      1) помещения, соответствующего требованиям, предъявляемым в области санитарно-эпидемиологической безопасности;
      2) медицинского и (или) специального оборудования, техники, аппаратуры и инструментариев, инвентаря, специальной одежды, средств для обеспечения и соблюдения условий их хранения, согласно заявляемым подвидам медицинской деятельности;
      3) штата медицинских работников, который подтверждается сведениями о медицинских работниках, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям;
      4) соответствующего образования, согласно заявляемым подвидам медицинской деятельности;
      5) специализации или усовершенствования и других видов повышения квалификации за последние 5 лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности;
      6) у физических лиц стажа работы по специальности не менее 5 лет по заявляемым подвидам медицинской деятельности;
      7) соответствующего сертификата специалиста;
      8) документа, подтверждающего принятия на работу медицинских работников (для юридических лиц).

      2. Для лиц, не имеющих специального медицинского образования, желающих заниматься лечением методами народной медицины (целительством), дополнительно к требованиям, указанным в подпунктах 1)-4) пункта 1 настоящих квалификационных требований необходимо наличие соответствующего удостоверения, выдаваемого государственным органом по контролю в сфере оказания медицинских услуг. V095877

Приложение            
к квалификационным требованиям,
предъявляемым при лицензировании
медицинской, врачебной деятельности

Сведения о медицинских работниках
_______________________________________
(наименование субъекта здравоохранения)
(по состоянию на "__"_________20__ года)

N
п/п

Фамилия,
имя,
отчество

Зани-
маемая
долж-
ность

Образо-
вание

Стаж по
специаль-
ности

Документ о
повышении
квалифика-
ции за
последние
пять лет

Наличие
сертификата
специалиста
без
присвоения
квалифика-
ционной
категории

Наличие
сертификата
специалиста с
присвоением
квалифика-
ционной
категории

1

2

3

4

5

6

7

8

Руководитель_______________________________________
                        (подпись, Ф.И.О.)

М.П.
Начальник отдела кадров (специалист по кадрам)_____________________
                                                (подпись, Ф.И.О.)