Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 және 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 35 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1057 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы  N 1057  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1)  ( 1) тармақшаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 692  Қаулысымен )

      2) "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767  P010767_   қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 20, 258-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiнде: 
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "7. Лицензияға, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтің және/немесе белгiлi бiр мамандық (мамандықтар) бойынша қызметтің түрi (түрлерi) көрсетiлген, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қосымша берiледi.";

      11-тармақтың 1) тармақшасы "белгiленген" деген сөздің алдынан "медициналық, дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыратын объектiлерi көрсетiлген," деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетiлген Ережеге қосымшадағы "қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген Ережеге 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                      Медициналық және дәрігерлік
                                     қызметті лицензиялау ережесіне
                                               2-қосымша

                           Сериясы_______ N _______
                         медициналық және дәрігерлік
                  қызметке арналған мемлекеттік  лицензияға

                              N ____ ҚОСЫМША

__________________________________________________________________
          (лицензияттың толық атауы, заңдық мекен-жайы)

____________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан

______________________________________________________ объектiсiне

медициналық және дәрігерлік қызметтің мынадай түрлерiне берiлдi:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Лицензиар-орган __________________________________________________
                        (лицензиялау органының толық атауы)

Басшы ________________________________________       _____________
     (лицензияны берген орган басшысының Т.А.Ә.)         (қолы)

Берiлген уақыты 200__ жылғы "___" ______________

________________ қаласы

Мөр орны

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады