Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 427-қосымшада :
"Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы "35 екі" деген сөздер "38 екі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтың Тікелей нәтижесіндегі "70" деген сандар "73" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі