2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       423 424 425 426 427 428 429-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
423-ҚОСЫМША        

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның 
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 419926 мың теңге (төрт жүз он тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма алты мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi мәселелерi" N 280  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы N 327  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Мемлекеттiк қызмет өткеру туралы ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестерi және Қазақстан Республикасы Президентiнің кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 11 қарашадағы "Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың және бiлiктiлiгін арттырудың жекелеген мәселелерi" N 1156  Қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : мемлекеттiк қызметтің деңгейiн және мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби дәрежесiн арттыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттiк қызметтің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттiк қызметшiлердiң Ар-намыс кодексiн сақтау, мемлекеттiк қызмет саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу сапасын арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттiк қызмет заңнамасын жетiлдiру, мемлекеттiк қызметшiлердің оқуын және кәсiби қайта даярлаудан өтуiн ұйымдастыру, мемлекеттiк органдар ұсынатын мемлекеттiк қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгiзу, мемлекеттік қызмет жүйесiнің ашықтығы мен есеп беруiн қамтамасыз ету, кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби дәрежесiн арттыру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Мемлекеттiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Мемлекеттік қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу. 
Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызмет саласында заңнаманың сақталуына тексеру жүргiзу.
Мемлекеттiк қызметшілерге еңбек ақы төлеу, оларды әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
Мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйiне мониторинг жүргізу.
Мемлекеттiк органдардың орталық аппараттары мемлекеттік қызмет персоналдары және әкiмшілiк мемлекеттiк қызметшi лауазымдарын атқару үшiн мемлекеттiк органдардың орталық аппараттары кадрлар резервi бойынша республикалық деректер базасын қалыптастыру.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттiк қызметшілердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру мәселелерi жөнiндегі қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларға кеңес беру.
Мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиімдiлігін арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеуге және оны іске асыруға қатысу.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істерi агенттiгi алқасын өткізу. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі

3

  

002

Аумақтық  органдардың аппараттары

Мемлекеттік органдарда мемлекеттiк қызмет саласында заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу.
Орталық мемлекеттiк органдардың жергіліктi атқарушы және аумақтық бөлiмшелерiнде мемлекеттiк қызмет кадрларының жай-күйiне мониторинг жүргізу (бұдан әрi - жергiлiктi мемлекеттік органдар).
Жергіліктi мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызмет персоналдары және мемлекеттiк қызметтің кадрлар резервi бойынша деректер базасын қалыптастыру.
Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшілердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру мәселелерi жөнiндегі қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда оларға кеңес беру.
Мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгін арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысу.
Тәртiптiлiк iстерi бойынша отырыстар өткiзу.
Көшпелi семинарлар өткiзу мен азаматтарды қабылдау. 

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі

4

  

007

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру

"Әкiмшiлiк реформа" тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшiлердің бiлiктiлiгiн арттыру мемлекеттiк қызмет қызметтерiн сатып алу.
Мемлекеттiк тiлдi оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі

5

  

009

Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Жұмыстың сапалылығын және тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік органды материалды-техникалық қамтамасыз ету.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі

6

  

017

Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Техникалық, технологиялық, бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелердi қолдау:
- 1С Бухгалтерия;
- Республикалық бюджеттi қалыптастыру;
- Қаржыландыру жоспары;
- Бюджеттiк процесс мониторингi;
- Лотус-Нотус.

Жыл бойы 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының орындалуы бойынша мемлекеттiк органдарда тексеру өткiзу. 42 адамнан кем емес мемлекеттiк қызметшілердің кәсiби деңгейiн жоғарлату, 54 адамнан кем емес мемлекеттiк тiлге оқыту. 
Түпкi нәтиже: мемлекеттiк қызмет көрсетудің сапасын көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттiк қызметшiнің бiлiктiлiгiн жоғарлатуға орташа шығындар - 19,5 мың теңге, мемлекеттiк тiлдi оқыту - 45,6 мың теңге. 
Уақтылығы: iске асыру мерзiмдерiне сәйкес шараларды мерзiмiнде орындау.
Сапасы: мемлекеттiк стандарттар негiзiнде мемлекеттiк қызметтiң сапасын жақсарту, қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiптiк деңгейiн арттыру. Оқыту курсынан өткеннен кейiн мемлекеттiк тiлде іс жүргізугe көшкен мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi - 9,6%, кәсiби бiлiм деңгейiн көтергендердің үлесi - 23,1%.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
424-ҚОСЫМША         

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын ақпараттандыру және тестiлеу жүйесiнiң жұмыс iстеуi"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 74089 мың теңге (жетпiс төрт миллион сексен тоғыз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнің Ақпарат және тестiлеу мемлекеттiк мекемесiнің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 50  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Мемлекеттiк қызметкерлердің кадрлық резервi және олардың мәлiметтерiнің уақытылы, сапалы толықтыруы және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерi кадрлық ақпаратты бақылау жүйесiнің әрдайым жұмыс iстеу үшiн.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : ақпараттандыру жүйесi және тестiлеудi сапалы техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын ақпараттандыру және тестiлеу жүйесiнiң жұмыс iстеуi

Есептеу техника құралдарын техникалық қамтамасыздандыру.
Уақытылы тестен өткізу үшiн 16 аймақтық орталықтарды материалды-техникалық  қамтамассыздандыру . WEB-сайты әкiмшiлеу  

Қаңтар-желтоқсан

Ақпан-наурыз
 
Қаңтар-желтоқсан 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Ақпарат және тестілеу орталығы.

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Түпкi нәтиже: бос әкiмшiлiк қызмет орнына кез келген облыс орталығынан тестiлеу арқылы конкурсқа қатысуына дер кезiнде мүмкiндiк. Республикалық бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану.
Сапасы: мемлекеттiк қызметке түсу және аттестациядан өту кезiнде барлық қалаушыларды 100%-ға қанағаттандыру және орталықтың ақпараттандыру жүйесiнің үздiксiз жұмыс iстеуi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы    
N 1220 қаулысына         
425-ҚОСЫМША          

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның 
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңы ; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегi "Ғылым туралы"  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 23 ақпанындағы "Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын қолданбалы-ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен iске асырудың кейбiр мәселелерi" N 145  Қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Мемлекеттiк органдар жұмыстарының сапасы мен әсерiн зерттеу және бағалау жүргiзу арқылы мемлекеттiк қызметтi тұтынушылардың қанағаттану деңгейiн және мемлекеттiк қызметшiлер жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу, мемлекеттiк қызмет саласында қатынастарды реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзу, мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтің қазiргi жағдайын талдау, мемлекеттiк қызметтің сапасын жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

Мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiндегі әкiмшілiк кедергілердi анықтау бойынша зерттеу жүргізу тақырыбында мемлекеттiк қызмет саласында қолданбалы зерттеулер өткізу.
Ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу.   

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері   агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Халыққа қызмет көрсету жүйесiнің және ол жүйеге кiрмейтiн Қазақстанның барлық облыстарындағы қызметтерiн тұтынушылар зерттеумен қамтылады. Таңдалып алынған мемлекеттiк органдарда қызметтің 4 түрi бойынша мониторинг жүйесiн енгiзу.
Түпкi нәтиже: қызмет көрсету орталықтарымен қамтылған және қамтылмаған мемлекеттiк органдарда тұтынушылар қажеттiлiгiн салыстырмалы зерттеу. Мемлекеттiк органдардың персоналдарын басқару үшiн теңгерiлген көрсеткiштер жүйесiн әзiрлеу. Персоналдар жұмысы тиiмдiлiгiн 5 пайызға арттыру.
Уақтылығы: жасалынатын келiсiм-шарттарға сәйкес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: тақырыпты зерттеу бойынша шығындар 6000 мың теңге.
Сапасы: қызмет сапасымен қанағаттанған тұтынушылар үлесi 50 пайызға құрайды. Жұмысымен қанағаттанған мемлекеттiк қызметшiлер үлесi 65 пайызға құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
426-ҚОСЫМША       

       Ескерту. 426-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.18. N  308  қаулысымен.

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру" деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 730836 мың теңге (жетi жүз отыз миллион сегiз жүз отыз алты мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызметшілердi даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды одан әрi жетiлдiру туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi N 4075  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2005 жылғы 31 мамырдағы N 1583  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы мәселелерi" 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 1611  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" 1998 жылғы 11 қарашадағы N 1156  Қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасын мемлекеттiк қызметтің жоғары кәсiби мамандары, дипломатиялық қызмет персоналы, судьялар, сот жүйесi және прокуратура органдарының қызметкерлерi қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазiргi заманғы талаптарға сай мемлекеттiк қызметшiлердің бiлiктiлiгiн арттыру және кадрларды қайта даярлау, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметке мамандар даярлау, мемлекеттік қызметшiлердi даярлау мен біліктілігiн арттыруды iске асыратын оқу орындары мен облыстардағы өңiрлiк орталықтарының қызметiн үйлестiру және әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру

Мемлекеттiк қызметшілердi үш бағыт бойынша:
- мемлекеттік қызмет;
- дипломатиялық қызмет;
- судьялар және сот жүйесiнің қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және білiктілiгін арттыру.
Халықаралық стандарттарға барынша жақындатылған оқу жоспары бойынша кредиттік және желілік жүйелерiнің талдауы негiзiнде магистрлердi даярлау.
Басшылық лауазымға ауыстырылған, және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтар үшiн 6-апталық және 2 апталық кәсiби қайта даярлау курстарын жүргізу.
Мемлекеттік басқару, сот және дипломатиялық саланың өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша 1-2 апталық семинарлар өткізу.
Дамыған шетелдердiң мемлекеттік басқару жүйесiнің жұмыс тәжiрибесімен, Қазақстан Республикасының шетелдiк өкiлдiктерi мекемелерiнің тыныс- тiршілігімен танысу мақсатында тыңдаушылар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру.
Жүзеге асыру мерзiмi: маусым-қазан.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ғылыми конференциялармен семинарларды, дөңгелек үстелдердi ұйымдастыру және өткізу.
Франциядан, Америка Құрама Штаттарынан, Сингапурдан, Жаңа Зеландиядан, Австралиядан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Ресейден, Белорусиядан шетелдiк дәрiскерлер мен сарапшыларды Академияның білiктiлiктi арттыру халықаралық семинарларына шақыру.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекіткен тiзiмi бойынша негізгі құралдарды және материалды емес активтердi сатып алу. "NISPAsee" халықаралық ассоциациясына мүшелік жарналарды төлеу. 

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері   агенттігі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

мемлекеттiк басқару академиясы

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: магистратураға "Мемлекеттiк және жергілiктi басқару" мамандығы бойынша қабылдау 70 адамды, "Юриспруденция" мамандығы бойынша қабылдау 60 адамды, "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша қабылдау 30 адамды, "Iскерлiк әкiмгершілiк" мамандығы бойынша қабылдау 25 адамды, "Экономика" мамандығы бойынша қабылдау 15 адамды құрайды. 
Аспирантураға 30 адамды қабылдау. Бағдарламалар бойынша оқитын мемлекеттiк қызметшiлердің орташа жылдық контингентi: қайта даярлау - 700 адам, бiлiктiлiктi арттыру - 2000 адам. Магистратура бағдарламасының 135 тыңдаушылары үшiн 30 күндiк халықаралық стажировкаларды ұйымдастыру, Индиана университетiнде (АҚШ) - 30 адам, Джорджия университетiнде (АҚШ) - 30 адам, Ұлттық әкiмгерлiк мектебiнде (Франция) - 25 адам, Ресей мемлекеттiк қызмет академиясында - 10 адам, Орленанның басқару академиясында (АҚШ - 20 адам, Ольстер универститетiнде (Ұлыбритания) - 20 адам.
Халықаралық сарапшылар мен дәрiскерлердi Франциядан - 3 адам, Америка Құрама Штаттарынан - 2 адам, Сингапурдан - 1 адам, Жаңа Зеландиядан - 1 адам, Австралиядан - 1 адам Ұлыбританиядан -1 адам, Германиядан - 4 адам шақыру, Ресейден - 11 адам, Белорусиядан - 2 адам. Ғылыми монография басып шығару - 3, ғылыми мақалалар жинағы - 3, ғылыми-талдау журналы - 6. 773 данадан кем емес активтер және материалды емес активтердi сатып алу.
Түпкi нәтиже: мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшiлерi, дипломатиялық қызмет персоналы, судьялар, сот жүйесiнің қызметкерлерiнің бiлiктiлiгiн арттыру жалпы қажеттiлiктің 50-70 пайызға құрайды. Мемлекеттiк қызметшiлердi магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша даярлау жалпы қажеттiлiктің 65-75 пайызға құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2007-2009 жылдарға жинақталған бiр магистрант пен аспиранттың орташа айлық стипендиясы 46,7 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: оқуды бiтiрген мемлекеттiк қызметшілердің саны - 113 магистрант.
Сапасы: мемлекеттiк қызметшілерге жүктелген қызметтердi сапалы орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына жүктелген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн белгiленген мерзiмдердi ескере отырып, iс-шараларды толық мөлшерде 100 пайыз сапалы орындау.
Академияны бiтiрушілердің сапалы дайындығын жақсарту.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
427-ҚОСЫМША        

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Республикалық бюджет есебiнен ұсталынатын мемлекеттiк органдарының орталық аппараты қызметкерлерiне пәтер сатып алу"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1108200 мың теңге (бiр миллиард бiр жүз сегiз миллион екi жүз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын, мемлекеттiк органдардың орталық аппараттары қызметшiлерiн әлеуметтiк қолдау, және де республика аймақтарынан кадрларды ротациялау жөнiндегi мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын, мемлекеттiк органдардың орталық аппараттары қызметшiлерiн, және де орталық мемлекеттiк органдарға аймақтардан pотация жолымен ауысып келген мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк баспанамен қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  

Республикалық бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік органдарының орталық аппараты қызметкерлеріне пәтер сатып алу

38 екі және 35 үш бөлмелi қызметтік пәтерлердi сатып алу. 

қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері   агенттігі
 

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.12.  N 1070  Қаулысымен.

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: 73 қызметтiк баспана сатып алу.
Түпкі нәтиже: мемлекеттiк органдар орталық аппараттары мемлекеттік қызметшiлерiн қызметтiк баспанамен қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметке анағұрлым тыңғылықты мамандарды тарту, және де кадр ротациясы механизмiн жүзеге асыру.
Қаpжылық-экономикалық тиімдiлiк: бiр қаржы жылы ішінде баспана сатып алу бюджеттiк қаржыны үнемдеуге мүмкiндiк береді, себебi қызметтік баспанамен қамтамасыз етудің альтернативтi жолы - құрылыс - 2 жылдан 3 жылға дейiн созылады, ол баспананың соңғы құнына әсер етедi, нәтижесiнде бюджет инфляциялық процестерге байланысты және де құрылыс материалдарының, қызметтердің, жұмыстардың қымбаттауына байланысты (8-ге дейін) қосымша шығындарды көтереді.
Сапасы: құрылыс нормалары мен тәртіптерi талаптарына сәйкес.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.12.  N 1070  Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына      
428-ҚОСЫМША      

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелдерде бiлiктiлiгiн арттыру"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 231161 мың теңге (екi жүз отыз бiр миллион бiр жүз алпыс бiр мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 10 наурыздағы "Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi ереженi бекiту туралы" N 357  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру ережесiн бекiту туралы" N 1457  Жарлығы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : республиканың мемлекеттің қызметiн жетiлдiру мақсатында перспективалы кадрларды даярлауды ұйымдастыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : алдыңғы қатарлы әлемдiк тәжiрибенi зерделеу және қосымша кәсiби бiлiм үшiн таңдаулы шетелдiк университеттер мен ғылыми орталықтарға мемлекеттiк қызметшiлердi жiберу. Әлемдiк тәжiрибенi зерделеу және кәсiби дәрежесiн арттыру үшiн өз қызметкерлерiн жiберуi үшiн мемлекеттiк органдарға жағдай жасау.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелдерде бiлiктiлiгiн арттыру

Мемлекеттік қызметшілердi алдыңғы қатарлы шетелдiк білiм беру орталықтарында: AҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Германия, Сингапур, Ресей, Голландияда оқыту. Экономика, құқық, мемлекеттiк әкiмшiлендiру салаларында білiмдерiн кеңейту, сонымен қатар еуропаның басқару органдарының қызметiн ұйымдастырудың тәжiрибесiмен және мемлекеттік қызметтердi ұсынудың әдiстерiмен таныстыру.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері   агенттігі
 

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: алдыңғы қатарлы шетелдiк университеттер мен бiлiм беру орталықтарында 180 мемлекеттiк қызметшiнің бiлiм алуы.
Түпкі нәтиже: алдыңғы қатарлы шетелдiк университеттер мен бiлiм беру орталықтарында 180 бiлiм алған мемлекеттiк қызметшiлер республиканың мемлекеттiк қызметiн жетiлдiру үшін қызмет етедi.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттiк қызметшiнi оқытуға кеткен орташа шығындар 1284,2 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: жасалынатын келiсiм-шарттар негiзiнде.
Сапасы: мемлекеттiк қызметшiлерi оқудан өткен 90 пайызға мемлекеттiк органдар мамандардың даярлану сапасына қанағаттанады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
429-ҚОСЫМША          

608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының жас мамандары үшiн жатақхана салу"
деген 007 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1783674 мың теңге (бiр миллиард жетi жүз сексен үш миллион алты жүз жетпiс төрт мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңы
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : мемлекеттік қызметшiлердiң тұрмыс сапасын көтеру, олардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету және мемлекеттiк басқарма қызметкерлерiнiң жұмысқа деген жiгерiн ынталандыратын жағдайлар жасау.
       5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттiк қызметшiлердің тұрмыс сапасын көтеру үшін инфрақұрылымды қалыптастыру жолымен өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

007

  

Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының жас мамандары үшiн жатақхана салу

1000 орындық жатақхана құрылысының бiрiнші сатысының бастамасы және жер сатып алу. (01.09.2005 жылғы N 2-604/05 Техникалық экономикалық негіздеме бойынша Мемлекеттік экспертиза қорытындысы).

Қаңтар -желтоқсан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері   агенттігі
 

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен .
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: жер сатып алу және 1000 орындық жатақхана құрылысының басталуы. Құрылыс-монтаждық жұмыстарын дайындалуы және басталуы (Барлығы - инвестициялық жоба бойынша жоспарланған барлық жұмыстардың 76,2 пайызға).
Түпкi нәтиже: 1000 орындық жатақхана құрылысының бiрiншi сатысының басталуы.
Уақтылығы: жобаны жүзеге асыру тиiмдiлiгi анализi нәтижелерi бойынша.
Сапасы: құрылыс нормалары мен тәртiптерiне сәйкес.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады