Еуразия экономикалық коғамдастығына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында тауарларды кедендік бақылаумен өткізу кезінде кеден органының шотына ақша қаражатын енгізу жолымен немесе банктердің кепілдіктерін пайдалану жолымен кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 1240 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2006 жылғы 19 мамырда Минск қаласында жасалған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында тауарларды кедендік бақылаумен өткізу кезінде кеден органының шотына ақша қаражатын енгізу жолымен немесе банктердің кепілдіктерін пайдалану жолымен кедендік төлемдердің төленуін  қамтамасыз ету туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1240 қаулысымен   
бекітілген    

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында тауарларды кедендік бақылаумен өткізу кезінде кеден органының шотына ақша қаражатын енгізу жолымен немесе банктердің кепілдіктерін пайдалану жолымен кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Еуразия экономикалық қоғамдастығына (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің Үкіметтері,
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты негізге ала отырып,
      Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің арасында да, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер мен үшінші мемлекеттер арасында да тауарлар тасымалдарын дамытуға ұмтыла отырып,
      кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету, бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі ретінде кеден рәсімдерін біріздендіру мен оңайлату қажеттігін негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      "кепілгер" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің аумағында тіркелген, өз мемлекеті заңнамасының талаптарын ескере отырып банк кепілдігін берген банк;
      "банк кепілдігі" - принципал ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің кеден органы алдындағы кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда кепілгердің ақшалай соманы төлеуге жазбаша міндеттемесі;
      "бенефициар" - банк кепілдігін қабылдаған ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің кеден органы;
      "принципал" - оның тапсырмасы бойынша және есебінен кепілгер ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында тауарларды кедендік бақылаумен өткізу кезінде принципал міндеттемелерді бұзған жағдайда кедендік төлемдердің сомаларын төлеу жөнінде банк кепілдігін беретін, белгіленген тәртіппен ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің аумағында тіркелген заңды немесе жеке тұлға;
      "межелі мемлекет" - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен өткізу аяқталатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет;
      "жөнелтетін мемлекет" - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен өткізу басталатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет;
      "кедендік төлемдер" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің әрқайсысының салық және кеден заңнамасына сәйкес кеден органдары белгіленген тәртіппен өндіріп алатын кедендік баж, салықтар, кедендік алымдар.

  2-бап

      Осы Келісім ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында тауарларды кедендік бақылаумен өткізу кезінде жөнелтетін мемлекеттің немесе межелі мемлекеттің кеден органының шотына ақша қаражатын енгізу, сондай-ақ банк кепілдіктерін пайдалану жолымен кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
      Тауарларды ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша өткізу кезінде кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз етудің осы Келісімде көзделген түрлері де, сондай-ақ аумағы арқылы тауар өткізілетін ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз етудің өзге түрлері де қолданылуы мүмкін.

  3-бап

      Осы Келісім тауарларды:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер арасында, оның ішінде үшінші мемлекеттердің аумағы арқылы өткізу кезінде де;
      егер, тауарларды өткізу ең болмағанда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің аумағы бойынша транзитпен жүзеге асырылса, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет пен үшінші мемлекеттер арасында өткізу кезінде қолданылады.

  4-бап

      1. Тараптар оларды кедендік бақылаумен өткізу кезінде оларға қатысты кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, өз мемлекетінің заңнамасында белгіленген заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолданылатын тауарлардың жекелеген санаттарын белгілеуі мүмкін.
      2. Тараптар бір-бірін тауарлардың тізбесі және кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, оларды кедендік бақылаумен өткізу кезінде өз мемлекеті заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі оларға қатысты қолданылатын шаралар туралы хабардар етеді.
      3. Тараптар өз мемлекетінің кедендік төлемдерінің төленуін қамтамасыз ету шарттарын айқындайтын заңнамасын біріздендіруді жүргізеді.

  5-бап

      Тауарларды ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша кедендік бақылаумен өткізу, сондай-ақ ақша қаражатын кеден органдарының шотына енгізу және кеден органдарының банк кепілдігін қабылдауы осы мемлекеттердің әрқайсысының заңнамасында және осы Келісімде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кеден органдары өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз етпестен өз мемлекетінің аумағы бойынша тауарларды кедендік бақылаумен өткізуге ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету ретінде осы кеден органының шотына ақша қаражатын енгізгені туралы немесе кеден органы белгілеген орынға және мерзімде тауарларды жеткізбеген кезде кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ететін банк кепілдігін қабылдағаны туралы растауы болған кезде рұқсат етеді.
      Кеден органының шотына ақша қаражатын енгізу немесе банк кепілдігін пайдалану түрінде кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету берілген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік төлемдер бойынша берешектерді өндіріп алуды олардың шотындағы ақша қаражаты есебінен не олар банк кепілдігі бойынша алатын қаражат есебінен қамтамасыз етеді және осы Келісімнің 8-бабына сәйкес аумағында тауарларды толық жеткізбеу анықталған ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің кеден органының шотына аударады.

  6-бап

      1. Осы Келісімге сәйкес ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының шотына енгізілген ақша қаражатын олардың аумағы бойынша тауарларды кедендік бақылаумен өткізу жүзеге асырылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдары кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету ретінде таниды.
      Кеден органының шотына енгізілген ақша қаражатының сомасы, егер тиісті тауарлар еркін айналыс үшін шығарылған болса, оның аумағы бойынша тауарларды кедендік бақылаумен өткізу жүзеге асырылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетте төлеуге жататын кедендік төлемдердің сомасынан кем болмайды.
      2. Кеден органының шотына ақша қаражаты АҚШ долларымен, евромен не аумағында қамтамасыз ету енгізілетін ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен енгізілуі мүмкін.
      3. Ақша қаражаты жөнелтетін мемлекеттің немесе межелі мемлекеттің кеден органының шотына енгізіледі.
      Егер, тауарлар ЕурАзЭҚ-тың шегінен тысқары жерлерге әкетілген жағдайда, ақша қаражаты оның қызмет өңірінде заңды немесе жеке тұлға ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген кеден органының шотына енгізіледі.
      4. Тауарлар оның аумағы бойынша тауарларды өткізу жүзеге асырылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің кеден органы белгілеген орынға және мерзімде жеткізілмеген кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген кеден органдарының шотындағы ақша қаражаты аумағында тауарлардың жеткізілмеуі анықталған ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің кеден органының шотына аударылуға тиіс.

  7-бап

      1.   ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кеден органдары өз мемлекетінің банктері берген банк кепілдіктерін қабылдайды.
      2. Банк кепілдігі аумағында тауарлардың жеткізілмеуі анықталған ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының алдындағы принципалдың міндеттемесі орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда оның кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз етуі болып табылады.
      3. Кепілгер бенефициарға ақша қаражатын бенефициардың оны төлеу туралы жазбаша талабын ұсынуы бойынша осы баптың 13-тармағында белгіленген мөлшерде төлеуге кепілдік береді.
      4. Банк кепілдігін кепілгер қайтарып ала алмайды.
      5. Бенефициардың банк кепілдігі жөніндегі кепілгерге талап қою құқығы басқа тұлғаға берілмейді.
      6. Банк кепілдігі берілген күнінен бастап күшіне енеді.
      7. Бенефициардың банк кепілдігі бойынша ақша қаражатын төлеу туралы талабы кепілгерге кепілдікте көрсетілген құжаттар қоса беріле отырып жазбаша нысанда берілуі тиіс. Бенефициар талапта немесе оған қосымшада принципалдың оны орындау үшін кепілдік берілген міндеттемені бұзуы неден тұратындығын көрсетуге тиіс.
      8. Бенефициардың талабы кепілгерге ол берілген кепілдікте белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылуға тиіс.
      Бенефициар банк кепілдігінде белгіленген мерзімде ұсынған банк кепілдігі бенефициардың алдындағы өз міндеттемелерін кепілгер толық орындағанға дейін қолданыста болады.
      9. Кепілгер бенефициардың талабын оған қоса берілген құжаттармен бірге оны алғаннан кейін он күннен аспайтын мерзімде, принципалды бенефициардың талабы туралы хабардар ете отырып қарауға тиіс.
      10. Кепілгер бенефициарға егер, бұл талап не оған қоса берілген құжаттар кепілдіктің шарттарына сәйкес келмесе, оның талабын қанағаттандырудан бас тартады.
      Кепілгер бенефициарды оның талабын қанағаттандырудан бас тартатындығы туралы хабардар етуге тиіс.
      11. Банк кепілдігінде көзделген кепілгердің бенефициар алдындағы міндеттемесі кепілдік берілген соманы төлеумен шектеледі.
      12. Кепілгердің кепілдік бойынша бенефициар алдындағы міндеттемесі мынадай:
      кепілгер аударған кепілдіктің барлық сомасы бенефициардың шотына түскен;
      бенефициар кепілдік бойынша өз құқықтарынан оны кепілгерге қайтару жолымен не кепілгерді оның міндеттемелерінен босату туралы бенефициардың жазбаша өтініш жасауы жолымен бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.
      13. Банк кепілдігінің сомасы, егер тиісті тауарлар еркін айналыс үшін шығарылған болса, аумағы бойынша тауарларды кедендік бақылаумен өткізу жүзеге асырылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетте төленуге жататын кедендік төлемдердің сомасынан кем болмайды.
      14. Банк кепілдігінің сомасы АҚШ долларымен не евромен көрсетіледі. Кепілгердің ақша қаражатын төлеуі банк кепілдігінің валютасымен не, егер оның ұлттық заңнамасында өзгеше көзделмесе, банк кепілдігінің ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетте төлем күнінде қолданылатын валюта бағамы ескеріле отырып, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
      15. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кеден органдары өз мемлекеті заңнамасының талаптарын ескере отырып және осы Келісімге сәйкес банк-кепілгер берген банк кепілдігін қабылдайды.
      Банк кепілдігінің сомасы жеткіліксіз болған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған кезде банк кепілдігі қабылданбайды.
      16. Тауарларды ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің кеден органы белгілеген орынға және мерзімде жеткізбеген кезде бенефициар кепілгерге өзінің шотына ақша қаражатын төлеу және аудару туралы талап қояды. Кепілгер талапты оны алған күнінен бастап отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде қанағаттандыруы тиіс.
      Банк кепілдігі бойынша төленген ақша қаражаты аумағында тауарлардың жеткізілмеуі анықталған ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің кеден органының шотына аударылады.

  8-бап

      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасындағы ұсынылған кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету туралы, тауарлар тасымалын бұзу жағдайлары туралы, осы Келісімді орындау үшін қажетті өзге де ақпаратпен алмасу тәртібі, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының шотына енгізілген не төленген немесе кепілдерден кеден органдарының бірі аумағында тауарлардың жеткізілмеуі анықталған ЕурАзЭҚ-ка мүше мемлекеттің кеден органының шотына өндіріп алған ақша қаражатын аударудың тәртібі және мерзімі, кепілгер міндеттемелерінің көлемі, кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету мөлшері мен дауларды шешу тәртібі Тараптардың жеке көпжақты келісімдерімен айқындалады.

  9-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша Тараптардың міндеттемелерін қозғамайды.

  10-бап

      Осы Келісімді түсіндіру мен қолдануға қатысты кез келген даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер және консультациялар жолымен шешіледі.

  11-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 12-бабына сәйкес күшіне енетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

  12-бап

      Осы Келісім ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті болып табылатын депозитарий Тараптардың осы Келісімнің 8-бабында көзделген жеке көпжақты келісімдер жасасқаны туралы және осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін 8-бапты қоспағанда, осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕурАзЭҚ-тың мүшелігіне қабылданған кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық.
      Осы Келісімге қосылу туралы құжаттар депозитарийге тапсырылады.
      Осы Келісім қосылатын мемлекеттер үшін осы Келісімнің Тараптарымен осы Келісімнің 8-бабында көзделген жекелеген көпжақты келісімдерді жасасу туралы хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Тараптардың кез келгені депозитарийге осы Келісімнен өзінің шығу ниеті туралы болжалды шығу күніне дейін кемінде үш ай бұрын жазбаша хабарламаны жібере отырып, өзінің осы Келісімге сәйкес қабылданған міндеттемелерін алдын ала реттей отырып, осы Келісімнен шыға алады.
      2006 жылғы 19 мамырда Минск қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дананы әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін депозитарий сақтайды.

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін

Об утверждении Соглашения об обеспечении уплаты таможенных платежей путем внесения на счет таможенного органа денежных средств или путем использования гарантий банков при перемещении товаров под таможенным контролем между таможенными органами государств членов Евразийского экономического сообщества

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2007 года N 1240

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Соглашение об обеспечении уплаты таможенных платежей путем внесения на счет таможенного органа денежных средств или путем использования гарантий банков при перемещении товаров под таможенным контролем между таможенными органами государств-членов Евразийского экономического сообщества, совершенного в городе Минске 19 мая 2006 года.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Утверждено         
постановлением Правительства 
Республики Казахстан    
от 19 декабря 2007 года N 1240

  Соглашение
об обеспечении уплаты таможенных платежей путем внесения на
счет таможенного органа денежных средств или путем
использования гарантий банков при перемещении товаров под
таможенным контролем между таможенными органами
государств-членов Евразийского экономического сообщества

      Правительства государств-членов Евразийского экономического сообщества (далее - ЕврАзЭС), именуемые в дальнейшем Сторонами,
      основываясь на  Договоре  об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года,
      стремясь к развитию перевозок товаров как между государствами-членами Евразийского экономического сообщества (ЕврАзЭС), так и между государствами-членами ЕврАзЭС и третьими государствами,
      исходя из необходимости обеспечения уплаты таможенных платежей, унификации и упрощения таможенных процедур, как одного из основных условий формирования единого экономического пространства,
      согласились о нижеследующем:

  Статья 1

      Для целей настоящего Соглашения используются следующие понятия:

      "гарант" - банк, зарегистрированный на территории государства-члена ЕврАзЭС, выдавший банковскую гарантию с учетом требований законодательства своего государства;

      "банковская гарантия" - письменное обязательство гаранта уплатить денежную сумму в случае неисполнения или ненадлежащего исполнения принципалом его обязательства по уплате таможенных платежей перед таможенным органом одного из государств-членов ЕврАзЭС;

      "бенефициар" - таможенный орган государства-члена ЕврАзЭС, принявший банковскую гарантию;

      "принципал" - юридическое или физическое лицо, зарегистрированное в установленном порядке на территории государства-члена ЕврАзЭС, по поручению и за счет которого гарант выдает банковскую гарантию по уплате сумм таможенных платежей в случае нарушения принципалом обязательств при перемещении товаров под таможенным контролем между таможенными органами государств-членов ЕврАзЭС;

      "государство назначения" - государство-член ЕврАзЭС, в котором завершается перемещение товаров и транспортных средств под таможенным контролем;

      "государство отправления" - государство-член ЕврАзЭС, в котором начинается перемещение товаров и транспортных средств под таможенным контролем;

      "таможенные платежи" - таможенная пошлина, налоги, таможенные сборы, взимаемые в установленном порядке таможенными органами в соответствии с налоговым и таможенным законодательством каждого из государств-членов ЕврАзЭС.

  Статья 2

      Настоящее Соглашение устанавливает правовые основы обеспечения уплаты таможенных платежей при перемещении товаров под таможенным контролем между таможенными органами государств-членов ЕврАзЭС путем внесения денежных средств на счет таможенного органа государства отправления или государства назначения, а также использования банковских гарантий.
      При перемещении товаров по территориям государств-членов ЕврАзЭС могут применяться как виды обеспечения уплаты таможенных платежей, предусмотренные настоящим Соглашением, так и иные виды обеспечения уплаты таможенных платежей в соответствии с законодательством государства-члена ЕврАзЭС, по территории которого перемещается товар.

  Статья 3

      Настоящее Соглашение применяется при перемещении товаров:
      между государствами-членами ЕврАзЭС, в том числе и при перемещении через территории третьих государств;
      между государством-членом ЕврАзЭС и третьими государствами, если перемещение товаров осуществляется транзитом по территории хотя бы одного из государств-членов ЕврАзЭС.

  Статья 4

      1. Сторонами могут быть определены отдельные категории товаров, в отношении которых применяются установленные законодательством своего государства меры по обеспечению соблюдения законодательства при их перемещении под таможенным контролем, включая обеспечение уплаты таможенных платежей.
      2. Стороны информируют друг друга о перечнях товаров и применяемых в их отношении мерах по обеспечению соблюдения законодательства своего государства при их перемещении под таможенным контролем, включая обеспечение уплаты таможенных платежей.
      3. Стороны проводят унификацию законодательства своего государства, определяющего условия обеспечения уплаты таможенных платежей.

  Статья 5

      Перемещение товаров под таможенным контролем по территориям государств-членов ЕврАзЭС, а также внесение денежных средств на счет таможенных органов и принятие таможенными органами банковской гарантии производится в порядке, предусмотренном законодательством каждого из этих государств и настоящим Соглашением.
      Таможенные органы государств-членов ЕврАзЭС разрешают перемещение товаров под таможенным контролем по территории своего государства без обеспечения уплаты таможенных платежей в соответствии с законодательством своего государства при наличии подтверждения таможенного органа одного из государств-членов ЕврАзЭС о внесении денежных средств на счет данного таможенного органа в качестве обеспечения уплаты таможенных платежей или о принятии банковской гарантии, обеспечивающей уплату таможенных платежей при недоставлении товаров в место и срок, установленные таможенным органом.
      Таможенные органы государств-членов ЕврАзЭС, которым предоставлено обеспечение уплаты таможенных платежей в виде внесения на счет таможенного органа денежных средств или использования банковской гарантии, обеспечивают взыскание задолженности по таможенным платежам за счет денежных средств, находящихся на их счете, либо за счет средств, получаемых ими по банковской гарантии, и перечисляют на счет таможенного органа государства-члена ЕврАзЭС, на территории которого выявлена недоставка товаров, в соответствии со статьей 8 настоящего Соглашения.

  Статья 6

      1. Денежные средства, внесенные на счет таможенного органа одного из государств-членов ЕврАзЭС в соответствии с настоящим Соглашением, признаются в качестве обеспечения уплаты таможенных платежей таможенными органами других государств-членов ЕврАзЭС, по территориям которых осуществляется перемещение товаров под таможенным контролем.
      Сумма денежных средств, внесенная на счет таможенного органа, не может быть меньше суммы таможенных платежей, которая подлежала бы уплате в государстве-члене ЕврАзЭС, по территории которого осуществляется перемещение товаров под таможенным контролем, если бы соответствующие товары были выпущены для свободного обращения.
      2. На счет таможенного органа могут вноситься денежные средства в долларах США, евро, либо в национальной валюте того государства-члена ЕврАзЭС, на территории которого вносится обеспечение.
      3. Денежные средства вносятся на счет таможенного органа государства отправления или государства назначения.
      В случае, если товары вывозятся за пределы ЕврАзЭС, денежные средства вносятся на счет таможенного органа, в регионе деятельности которого в установленном законодательством государства-члена ЕврАзЭС порядке зарегистрировано юридическое или физическое лицо.
      4. При недоставлении товаров в место и срок, определенные таможенным органом государства-члена ЕврАзЭС, по территории которого осуществляется перемещение товаров, денежные средства, находящиеся на счете таможенных органов, указанных в пункте 3 настоящей статьи, подлежат перечислению на счет таможенного органа того государства-члена ЕврАзЭС, на территории которого выявлена недоставка товаров.

  Статья 7

      1. Таможенные органы государств-членов ЕврАзЭС принимают банковские гарантии, выданные банками своего государства.
      2. Банковская гарантия является обеспечением уплаты принципалом таможенных платежей в случае неисполнения или ненадлежащего исполнения его обязательства перед таможенным органом одного из государств-членов ЕврАзЭС, на территории которого выявлена недоставка товаров.
      3. Гарант гарантирует уплату бенефициару денежных средств в размере, установленном пунктом 13 настоящей статьи, по представлении бенефициаром письменного требования об их уплате.
      4. Банковская гарантия не может быть отозвана гарантом.
      5. Принадлежащее бенефициару по банковской гарантии право требования к гаранту не может быть передано другому лицу.
      6. Банковская гарантия вступает в силу со дня ее выдачи.
      7. Требование бенефициара об уплате денежных средств по банковской гарантии должно быть представлено гаранту в письменной форме с приложением, указанных в гарантии документов. В требовании или в приложении к нему бенефициар должен указать, в чем состоит нарушение принципалом его обязательства, в обеспечение которого выдана гарантия.
      8. Требование бенефициара должно быть предъявлено гаранту до окончания определенного в гарантии срока, на который она выдана.
      Банковская гарантия, предъявленная бенефициаром в установленные банковской гарантией сроки, действует до полного исполнения гарантом своих обязательств перед бенефициаром.
      9. Гарант должен рассмотреть требование бенефициара с приложенными к нему документами в срок, не превышающий десяти дней после его получения, уведомив принципала о требовании бенефициара.
      10. Гарант отказывает бенефициару в удовлетворении его требования, если это требование либо приложенные к нему документы не соответствуют условиям гарантии.
      Гарант должен уведомить бенефициара об отказе удовлетворить его требование.
      11. Предусмотренное банковской гарантией обязательство гаранта перед бенефициаром ограничивается уплатой суммы, на которую выдана гарантия.
      12. Обязательство гаранта перед бенефициаром по гарантии прекращается в случае:
      поступления на счет бенефициара всей суммы гарантии, перечисленной гарантом;
      отказа бенефициара от своих прав по гарантии путем возвращения ее гаранту либо путем письменного заявления бенефициара об освобождении гаранта от его обязательств.
      13. Сумма банковской гарантии не может быть меньше суммы таможенных платежей, которая подлежала бы уплате в государстве-члене ЕврАзЭС, по территории которого осуществляется перемещение товаров под таможенным контролем, если бы соответствующие товары были выпущены для свободного обращения.
      14. Сумма банковской гарантии указывается в долларах США либо в евро. Уплата гарантом денежных средств осуществляется в валюте банковской гарантии либо в национальной валюте государства-члена ЕврАзЭС с учетом курса валюты банковской гарантии, действующего на дату платежа в государстве-члене ЕврАзЭС, если иное не предусмотрено его законодательством.
      15. Таможенные органы государств-членов ЕврАзЭС принимают банковскую гарантию, выданную банком-гарантом с учетом требований законодательства своего государства и в соответствии с настоящим Соглашением.
      При недостаточности суммы банковской гарантии или окончании срока ее действия банковская гарантия не принимается.
      16. При недоставлении товаров в место и срок, определенные таможенным органом государства-члена ЕврАзЭС, бенефициар выставляет гаранту требование об уплате и перечислении на его счет денежных средств. Требование должно быть удовлетворено гарантом в срок не позднее тридцати дней со дня его получения.
      Уплаченные по банковской гарантии денежные средства перечисляются на счет таможенного органа того государства-члена ЕврАзЭС, на территории которого выявлена недоставка товаров.

  Статья 8

      Порядок обмена между таможенными органами государств-членов ЕврАзЭС информацией о предоставленном обеспечении уплаты таможенных платежей, о случаях нарушения перевозки товаров, иной информацией, необходимой для исполнения настоящего Соглашения, а также порядок и сроки перечисления денежных средств, внесенных на счет таможенного органа одного из государств-членов ЕврАзЭС, либо уплаченных или взысканных с гаранта одним из таможенных органов на счет другого таможенного органа государства-члена ЕврАзЭС, на территории которого выявлена недоставка товаров, объем обязательств гаранта, размер обеспечения уплаты таможенных платежей и порядок разрешения споров определяются отдельными многосторонними соглашениями Сторон.

  Статья 9

      Настоящее Соглашение не затрагивает обязательств Сторон по другим международным договорам, участниками которых являются государства Сторон.

  Статья 10

      Любые споры и разногласия, касающиеся толкования и применения настоящего Соглашения, разрешаются путем переговоров и консультаций между Сторонами.

  Статья 11

      По взаимному согласию Сторон в настоящее Соглашение могут вноситься изменения, которые оформляются отдельными протоколами и вступают в силу в соответствии со статьей 12 настоящего Соглашения.

  Статья 12

      Настоящее Соглашение вступает в силу со дня получения депозитарием, которым является Интеграционный Комитет ЕврАзЭС, последнего письменного уведомления о заключении Сторонами отдельных многосторонних соглашений, предусмотренных статьей 8 настоящего Соглашения, и о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для вступления в силу настоящего Соглашения, за исключением статьи 8, которая вступает в силу с даты подписания настоящего Соглашения.
      После вступления в силу настоящее Соглашение открыто для присоединения к нему любого государства, принятого в члены ЕврАзЭС.
      Документы о присоединении к настоящему Соглашению сдаются депозитарию.
      Для присоединяющихся государств настоящее Соглашение вступает в силу со дня получения депозитарием уведомления о заключении отдельных многосторонних соглашений, предусмотренных статьей 8 настоящего Соглашения, со Сторонами настоящего Соглашения.
      Любая из Сторон может выйти из настоящего Соглашения, направив депозитарию письменное уведомление о своем намерении выйти из настоящего Соглашения не менее чем за три месяца до предполагаемой даты выхода, предварительно урегулировав свои обязательства, принятые в соответствии с настоящим Соглашением.

      Совершено в г. Минске 19 мая 2006 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится депозитарием, который направит каждой Стороне его заверенную копию.

       За Правительство
       Республики Беларусь

       За Правительство
       Республики Казахстан

       За Правительство
       Кыргызской Республики

       За Правительство
       Российской Федерации

       За Правительство
       Республики Таджикистан

       За Правительство
       Республики Узбекистан