Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.10.2019 № 752 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат етілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 984 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 326-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
"9. Ашық үлгідегі ұлттық нанотехникалық
зертхана Алматы қаласы".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |