Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 6 қыркүйек N 984. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.10.2019 № 752 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына:

      1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты;

      Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Механика және математика ғылыми-зерттеу институты;

      Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты;

      Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң жанындағы Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институты;

      Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң Физика-химиялық талдау әдiстерiнiң орталығы мемлекеттiк мекемелерiн;

      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Жану проблемалары институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 6 қыркүйектегi
N 984 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының
тiзбесi

      1. Жаңа химиялық технологиялар және Алматы қаласы

      материалдар ғылыми-зерттеу институты

      2. Математика және механика ғылыми- Алматы қаласы

      зерттеу институты

      3. Биология және биотехнология Алматы қаласы

      проблемалары ғылыми-зерттеу институты

      4. Экология проблемалары ғылыми-зерттеу Алматы қаласы

      институты

      5. Физика-химиялық зерттеу және талдау Алматы қаласы

      әдiстерiнiң орталығы

      6. Алынып тасталды - 2008.02.07. N 119 Қаулымен.

      7. Эксперименттік және теориялық

      физика ғылыми-зерттеу институты Алматы қаласы <*>

      8. Ғылыми-технологиялық парк Алматы қаласы <*>

      9. Ашық үлгідегі ұлттық нанотехникалық

      зертхана Алматы қаласы

      Ескерту. Тізбе 7, 8-жолдармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 37, 9-жолмен толықтырылды - 2007.12.21. N 1258 , 2008.02.07. N 119 Қаулыларымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады