Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1268 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 1076  қаулысында көзделген қаражат есебінен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О государственных закупках, имеющих важное стратегическое значение

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года N 1268

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1  статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Определить акционерное общество "Национальная компания "Казахское информационное агентство" поставщиком услуг по информационно-пропагандистскому обеспечению деятельности Правительства Республики Казахстан, закупка которых имеет важное стратегическое значение.

      2. Министерству культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение договора о государственных закупках с юридическим лицом, указанным в пункте 1 настоящего постановления за счет средств, предусмотренных  постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2007 года N 1076 "О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан";
      2) соблюдение принципа оптимального и эффективного расходования средств, используемых в соответствии с настоящим постановлением для государственных закупок услуг;
      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан