"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына ,»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін 20215400 (жиырма миллион екі жүз он бес мың төрт жүз) теңге бөлінсін.