Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлімінде:
13 "Өзге" функционалдық топтың:
04 "Табиғи монополияларды реттеу" ішкі функциясында:
203 "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі" әкімшісі бойынша:
001 "Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасындағы "732628" деген сандар "688628" деген сандармен ауыстырылсын;
009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кіші бағдарламасындағы "8209" деген сандар "52209" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға
41-қосымшада
:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағаны "Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін автокөлік сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 784 қаулысының күші жойылды деп танылсын.