Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1312 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      13 "Өзге" функционалдық топтың:
      04 "Табиғи монополияларды реттеу" ішкі функциясында:
      203 "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі" әкімшісі бойынша:
      001 "Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
      001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасындағы "732628" деген сандар "688628" деген сандармен ауыстырылсын;
      009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кіші бағдарламасындағы "8209" деген сандар "52209" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  41-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағаны "Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін автокөлік сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 784  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады