Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1353 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.05.2014 № 470 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 44-бабына сәйкес, отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы (бұдан әрі - номенклатура) бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.22 N 756, 2011.02.04 N 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. Номенклатурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, қызметтерді отандық өнім берушілер мен отандық кәсіпкерлер арасында осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 пайызы көлемінде жүргізіледі.
      Осы талап номенклатурада көрсетілген және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорына енгізілген біртекті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қатысты қолданылады.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар номенклатурада қамтылған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорына енгізілген тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сәйкес келетін талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына сипаттау және нұсқау жүргізеді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.11 N 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2-1. Егер осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, онда номенклатурада көзделген және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында жүргізіледі.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.05.22 N 756 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1353 қаулысымен     
бекітілген        

Отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың
(жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.02.04 N 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, номенклатураға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.24 № 1664 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.17 № 214 Қаулысымен.
      2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:
      1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
      2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;
      3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;
      4) аяқ киім;
      5) аяқ киім майы;
      6) тұрмыстық, мектеп және офистік жиһаз;
      7) құрылыс материалдары:
      тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
      едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
      кесілген ағаш материалдары;
      ағаш бұйымдары;
      шыны пакеттер;
      санфаянс;
      пенопластикалық тақталар;
      пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары);
      табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
      полиэтилен құбырлары;
      жылу сақтайтын материалдар;
      еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
      шегелер;
      қыш тақтайша және тақталар;
      қыш, силикат әрлегіш кірпіш;
      қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;
      табиғи, кварц құм;
      шыны блоктар;
      полиэтилен, шыны пластикалық, пластмасса, бетон, болат құбырлар;
      лак-бояу материалдары;
      керамогранит;
      жоғары сапалы сүректен жасалған терезелер мен есіктер;
      құрғақ құрылыс қоспалары;
      металдан жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар мен материалдар;
      жылу радиаторлары;
      жабын және су оқшаулағыш материалдар;
      құрылыс битумы;
      керіштен жасалған картон;
      ұтқыр ғимараттар;
      жоңқалы сүрек, талшықты сүрек, цементті-жоңқалы тақталар;
      сэндвич-панельдер;
      темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрастырмалары;
      армирленбеген бетоннан жасалған бұйымдар;
      ұяшықты бетоннан және пенобетоннан жасалған қабырға блоктары, термоблоктар;
      8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар;
      9) байланыс құралдары, кабель және шығыс материалдары;
      10) жууға арналған заттар;
      11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
      12) музыкалық аспаптар;
      13) медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдықтар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар;
      14) су тұшыту жабдығы;
      15) дәрілік заттар мен дәрілік препараттарды өндіруге арналған минералдық шикізат;
      16) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.22 N 756 Қаулысымен.
      17) жер бетіндегі органикалық заттар;
      18) ұйымдастыру техникасы, қосалқы бөлшектер және оларға бағдарламалық қамтамасыз ету;
      19) қой терісінен жасалған бұйымдар;
      20) қаракөл, қаракөл терісінен жасалған бұйымдар;
      21) киізден жасалған бұйымдар;
      22) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      23) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      24) қол өнершілер бұйымдары;
      25) бау-бақша, бақша құралдары;
      26) былғарыдан жасалған бұйымдар;
      27) спорт тауарлары;
      28) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.22 N 756 Қаулысымен.
      29) дайын тоқыма бұйымдары;
      30) өрт сендіргіштер;
      31) орталық жылу қазандықтары;
      32) кір жуатын орынға арналған кір жуғыш машиналар;
      33) минералды тыңайтқыштар;
      34) электротехникалық бұйымдар;
      35) автокөлік құралдары:
      жеңіл автомобильдер;
      жүк автомобильдері;
      жолаушылар автобустары;
      36) өлшеу құралдары;
      37) кәбілдік-өткізгіш өнімдер;
      38) мүгедектерге арналған кресло-арбалар;
      39) жылжымалы өрт сөндіру техникасы және арнайы өрт сөндіру автомобильдері;
      40) жылу сорғы қондырғылары;
      41) су себетін және жуатын машиналар;
      42) вакуумды машиналар;
      43) қоқыс тасығыштар;
      44) доңғалақты тракторлар;
      45) трансформаторлар.    
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.22 N 756, 2011.02.04 N 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.03.2013 N 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. Жұмыстар мен қызметтер:
      1) ағымдық жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары;
      2) автомобиль техникасын жөндеу;
      3) көліктік-экспедициялық;
      4) күрделі тұрмыстық-техниканы жөндеу;
      5) ғұрыптық;
      6) қоғамдық тамақтандыру қызметі;
      7) тұрмыстық (монша-кір жуу, химиялық тазалау);
      8) ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;
      9) киімдер (арнаулы киімдер) және аяқ киім тігу және жөндеу;
      10) суретке түсіру қызметтері;
      11) мемлекеттік маңызды емес белгілер, марапаттау кубоктары, вымпелдер, жалаулар дайындау;
      12) былғары, пластмасса және металл галантерияларын жөндеу;
      13) балалар мен мектеп мекемелері үшін тамақ өнімдерін жеткізіп беру;
      14) аударма ісі қызметтері;
      15) мөртабан-мөр және жібек жазба;
      16) жарнамалық-ақпараттық және баспа қызметтері;
      17) әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыш аппараттарының Ku- жиілік диапазонындағы транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер;
      18) «KazSat» әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану арқылы Ku-жиілік диапазонында тіркелген спутниктік байланысты қолдануды көздейтін байланыс және (немесе) телерадиохабар тарату қызметтері.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.24 № 1664 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Об определении мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года N 1353. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2014 года № 470

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 11.05.2014 № 470.

      В соответствии со статьей 44 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О государственных закупках", в целях определения мер государственной поддержки категорий отечественных потенциальных поставщиков Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую номенклатуру товаров (работ, услуг), закупаемых у отечественных потенциальных поставщиков (далее - номенклатура).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 22.05.2009 № 756; от 04.02.2011 № 78 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2. Государственные закупки товаров, работ и услуг, указанных в номенклатуре, проводятся в установленном законодательством порядке среди отечественных товаропроизводителей и отечественных поставщиков работ, услуг, отечественных предпринимателей, включенных в базу данных товаров, работ и услуг и их поставщиков в объеме 100 процентов от общего объема закупок данных товаров, работ и услуг.
      Данное требование распространяется на однородные товары, работы и услуги, указанные в номенклатуре и включенные в базу данных товаров, работ и услуг и их поставщиков.
      Организаторы государственных закупок при проведении государственных закупок товаров (работ, услуг), содержащихся в номенклатуре, производят описание и указание на требуемые технические, качественные и эксплуатационные характеристики, соответствующие товарам (работам, услугам), которые включены в базу данных товаров, работ и услуг и их поставщиков.
      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 11.04.2012 № 441 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      2-1. Если государственные закупки, указанные в пункте 2 настоящего постановления, признаны несостоявшимися, то государственные закупки товаров, работ и услуг, предусмотренных в номенклатуре и включенных в базу данных товаров, работ и услуг и их поставщиков, проводятся среди иных потенциальных поставщиков в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 2-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 22.05.2009 № 756; в редакции постановления Правительства РК от 11.04.2012 № 441 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2008 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждена          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 29 декабря 2007 года N 1353

Номенклатура товаров (работ, услуг), закупаемых
у отечественных потенциальных поставщиков

      Сноска. Заголовок с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.02.2011 № 78 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      1. Исключен постановлением Правительства РК от 17.03.2010 № 214.

      2. Непродовольственные товары:
      1) одежда меховая (натуральная, искусственная) и ее принадлежности, меховые головные уборы;
      2) продукция трикотажной промышленности;
      3) изделия швейные, специальное и форменное обмундирование;
      4) обувь;
      5) крем для обуви;
      6) мебель бытовая, школьная и офисная;
      7) строительные материалы:
      бумага обойная (обои) и другие настенные покрытия;
      плиты для мощения полов, печей;
      пиломатериалы;
      столярные изделия;
      стеклопакеты;
      санфаянс;
      пенопластиковые плиты;
      детали строительные из пластмассы (двери, пороги, окна, рамы, ставни);
      материалы и изделия облицовочные из природного камня, наполнители, дорожные материалы из природного камня (щебень, гравий);
      полиэтиленовые трубы;
      теплоизоляционные материалы;
      линолеум и другие полимерные материалы для напольных покрытий;
      гвозди;
      керамическая плитка и плиты;
      кирпич облицовочный керамический, силикатный;
      кирпич керамический, силикатный, золокерамический;
      песок природный, кварцевый;
      стеклоблоки;
      трубы полиэтиленовые, стеклопластиковые, пластмассовые, бетонные, стальные;
      лакокрасочные материалы;
      керамогранит;
      двери и окна из высококачественной древесины;
      сухие строительные смеси;
      санитарно-технические изделия и материалы из металла;
      радиаторы отопления;
      кровельные и гидроизоляционные материалы;
      битум строительный;
      гипсокартон;
      мобильные здания;
      древесно-стружечные, древесноволокнистые, цементно-стружечные плиты;
      сэндвич-панели;
      железобетонные и бетонные изделия и конструкции;
      изделия из бетона неармированные;
      стеновые блоки из ячеистого бетона и пенобетона, термоблоки;
      8) изделия из алюминия, резины;
      9) средства связи, кабель и расходные материалы;
      10) моющие средства;
      11) изделия из дерева, керамики (фарфор, фаянс);
      12) музыкальные инструменты;
      13) изделия медицинского назначения, оборудование и средства санитарно-гигиенического назначения;
      14) водоопреснительное оборудование;
      15) лекарственные средства и минеральное сырье для производства лекарственных препаратов;
      16) исключен постановлением Правительства РК от 22.05.2009 № 756 ;
      17) поверхностно-органические вещества;
      18) организационная техника, запасные части и программное обеспечение к ней;
      19) овчинные изделия;
      20) каракуль, изделия из каракуля;
      21) изделия из войлока;
      22) бытовые изделия из стекла;
      23) бытовые изделия из пластмассы;
      24) изделия ремесленников;
      25) инструменты садовые, огородные;
      26) изделия из кожи;
      27) спортивные товары;
      28) исключен постановлением Правительства РК от 22.05.2009 № 756 ;
      29) готовые текстильные изделия;
      30) огнетушители;
      31) котлы центрального отопления;
      32) стиральные машины для прачечных;
      33) минеральные удобрения;
      34) электротехнические изделия;
      35) автотранспортные средства:
      легковые автомобили;
      грузовые автомобили;
      пассажирские автобусы;
      36) средства измерения;
      37) кабельно-проводниковая продукция;
      38) кресла-коляски для инвалидов;
      39) пожарная техника передвижная и пожарные автомобили специальные;
      40) тепловые насосные установки;
      41) поливомоечные машины;
      42) вакуумные машины;
      43) мусоровозы;
      44) колесные трактора;
      45) трансформаторы.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 22.05.2009 № 756; от 04.02.2011 № 78 (вводится в действие со дня первого официального опубликования); от 26.03.2013 № 276 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      3. Работы и услуги:
      1) строительные работы по текущему ремонту;
      2) ремонт автомобильной техники;
      3) транспортно-экспедиционные;
      4) ремонт сложнобытовой техники;
      5) ритуальные;
      6) услуги общественного питания;
      7) бытовые (банно-прачечные, химчистка);
      8) услуги по обслуживанию организационной техники;
      9) пошив и ремонт одежды (спецодежды) и обуви;
      10) фотоуслуги;
      11) изготовление значков, наградных кубков, вымпелов, флагов негосударственного значения;
      12) ремонт кожаной, пластмассовой и металлической галантереи;
      13) поставка продуктов питания для детских и школьных учреждений;
      14) услуги переводческого дела;
      15) штампопечать и шелкография;
      16) рекламно-информационные и издательские услуги;
      17) услуги по предоставлению транспондеров Ku-диапазона частот космических аппаратов социально-экономического назначения;
      18) услуги связи и (или) телерадиовещания, предусматривающие применение фиксированной спутниковой связи в Ku-диапазоне частот, с использованием космической системы связи «KazSat» социально-экономического назначения.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 24.12.2012 № 1664 (вводится в действие с 01.01.2013).