Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.05.2014 № 470 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 626-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы «мемлекеттік мұқтаждар үшін» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта:
«белгіленген тәртіппен» деген сөздерден кейін «қалыптастыру және жүргізу тәртібін индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар номенклатурада қамтылған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізіліміне енгізілген тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сәйкес келетін талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына сипаттау және нұсқау жүргізеді.
Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімін «Қазақстандық қамту» интернет-порталында индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) номенклатурасында:
тақырыбындағы «мемлекеттік мұқтаждар үшін» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта:
38) тармақшадағы «кресло-арбалар» деген сөздер «кресло-арбалар;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 39) және 40) тармақшалармен толықтырылсын:
«39) өрт сөндіру машиналары;
40) жылу сорғы қондырғылары».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов