Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1353 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 мамырдағы N 756 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 470 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.05.2014 № 470 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1353 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 626-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта "номенклатурасы" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - номенклатура)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Номенклатурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер, отандық кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін ұйымдар арасында осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 пайызы көлемінде жүргізіледі.
      Осы талап номенклатурада көрсетілген және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген біртекті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қолданылады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Егер осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, онда номенклатурада көзделген және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізіліміне енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында жүргізіледі.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мұқтаждар үшін отандық әлеуетті өнім берушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасында:
      "Азық-түлікке жатпайтын тауарлар" деген 2-тармақта:
      1), 2), 3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
      2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;
      3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;
      7) құрылыс материалдары:
      тұсқағаз қағазы (тұсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
      едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
      кесілген ағаш материалдары;
      ағаш бұйымдары;
      шыны пакеттер;
      санфаянс;
      пенопластикалық тақталар;
      пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары);
      табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
      полиэтилен құбырлары;
      жылу сақтайтын материалдар;
      еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
      шегелер;
      қыш тақтайша және тақталар;
      қыш, силикат әрлегіш кірпіш;
      қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;
      табиғи, кварц құм;
      шыны блоктар;
      полиэтилен, шыны пластикалық, пластмасса, бетон, болат құбырлар;
      лак-бояу материалдары;
      керамогранит;
      жоғары сапалы сүректен жасалған терезелер мен есіктер;
      құрғақ құрылыс қоспалары;
      металдан жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар мен материалдар;
      жылу радиаторлары;
      жабын және су оқшаулағыш материалдар;
      құрылыс битумы;
      керіштен жасалған картон;
      ұтқыр ғимараттар;
      жоңқалы сүрек, талшықты сүрек, цементті-жоңқалы тақталар;
      сэндвич-панельдер;
      темір-бетон және бетон бұйымдары мен құрастырмалары;
      армирленбеген бетоннан жасалған бұйымдар;
      ұяшықты бетоннан және пенобетоннан жасалған қабырға блоктары, термоблоктар;";
      16) және 28) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37) және 38) тармақшалармен толықтырылсын:
      "29) дайын тоқыма бұйымдары;
      30) өрт сендіргіштер;
      31) орталық жылу қазандықтары;
      32) кір жуатын орынға арналған кір жуғыш машиналар;
      33) минералды тыңайтқыштар;
      34) электротехникалық бұйымдар;
      35) автокөлік құралдары:
      жеңіл автомобильдер;
      жүк автомобильдері;
      жолаушылар автобустары;
      36) өлшеу құралдары;
      37) кәбілдік-өткізгіш өнімдер;
      38) мүгедектерге арналған кресло-арбалар.".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады