Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат, N 21-22, 281-құжат; ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6,42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжат; N 24,153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86-87-құжаттар; N 23, 1004-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19-20-құжаттар, N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-77-құжаттар; N 13, 85-86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-18-құжаттар; N 3, 20-23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжаттар; N 9, 67-құжаттар; N 10, 69-құжаттар; N 12, 88-құжаттар; N 13, 99-құжаттар; N 10, N 15, 106-құжат, N 16, 131-құжат, N 17, 136, 139, 140-құжат; N 18, 143, 144-құжат; N 19, 146, 147-құжат; 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңы
):
1) мынадай мазмұндағы 204-1-баппен толықтырылсын:
"204-1-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу:
1. Тауар биржасы қызметкерінің биржалық мәмілелерге қатысуы, -
айлық есептік көрсеткіштің бір жүз отыздан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда және өзге қызметті жүзеге асыруы, -
айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз сексеннен бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауар тізбесіне қосылған тауарларды тауар биржасынан тыс сату, -
айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Брокерлердің және (немесе) дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және бұл мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы, -
айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) мынадай мазмұндағы 576-6-баппен толықтырылсын:
"576-6-бап. Сауда қызметі саласында мемлекеттік реттеуді және
бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган
1. Сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодекстің 158 (бұл бұзушылықтарды брокерлер және (немесе) дилерлер жасаған болса), 204-1, 357-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Сауда қызметі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
2. "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат):
осы Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
"29. Сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".
3. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша "ашық тауар биржалары" деген сөздер "тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 20), 21) тармақшалармен толықтырылсын:
20) биржалық тауарлардың тізбесін және ұйымдардың мемлекеттік сатып алуы шеңберінде тек тауар биржалары арқылы сатылатын ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекітеді;
21) тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру ережесін бекітеді.";
3) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі биржалық тауарлардың тізбесін және ұйымдардың мемлекеттік сатып алуы шеңберінде тек тауар биржалары арқылы сатылатын ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін және белгіленген тәртіппен тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті ұйымдардың тізбесін бекітеді.
4. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-бап; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар, N 20-21):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
"28) тауар биржасы.".
2) мынадай мазмұндағы 37-1-бабымен толықтырылсын:
"37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтік мына түрлерімен:
1) тауар биржаларының қызметімен;
2) брокерлік және дилерлік қызметімен айналысу лицензияның болуын талап етеді.
2-бап. Осы Заң 2008 жылдың 1 маусымда күшіне енгізіледі және ресми жарияланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті