Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі" жабық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысындағы және Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Президенті
ӨКІМ "Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі" жабық
акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысындағы
және Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының
уәкілетті өкілі туралы
"Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі" жабық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысындағы және Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі Әлихан Асханұлы Смайылов босатылып, көрсетілген лауазымға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті