"Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі" жабық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысындағы және Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 11 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі" жабық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысындағы және Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Президенті
ӨКІМ "Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі" жабық
акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысындағы
және Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының
уәкілетті өкілі туралы

      "Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі" жабық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысындағы және Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі Әлихан Асханұлы Смайылов босатылып, көрсетілген лауазымға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев тағайындалсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады