Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 53 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 634 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.06 № 634 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 48-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Z100291 қараңыз

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2008 жылғы 23 қаңтардағы 
N 53 қаулысымен    
бекітілген       

Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесі

      Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау тәртібін белгілейді. Z100291 қараңыз

1. Жалпы ережелер

      1. Ереже тау-кен жұмыстарын дамытудың келісілген және бекітілген жоспарларына (жылдық жұмыс бағдарламасына) сәйкес таратылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктар, панельдер, қазбалар, түрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымалары) қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге, оның ішінде жер асты суларын, шипалы балшықтарды барлауға және өндіруге, сарқынды суларды төгу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатқан немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілеріне қолданылады.

      2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бөлігін тарату - жер қойнауын пайдалану қызметінің салдарын тарату жобасында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қызметтің салдарын тарату жөніндегі іс-шаралар;
      2) құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және келісім-шарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы атынан іс-әрекет ететін мемлекеттік орган;
      3) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бөлігін консервациялау - техникалық-экономикалық, тау-кен-геологиялық және басқа да себептер бойынша, негізгі өндірістік объектілер мен құрылыстарды міндетті түрде сақтап және олардың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді уақытша тоқтатып қойған кездегі жер қойнауын пайдалану объектісін консервациялау жобасында көзделген іс-шаралар.

      3. Жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе
консервациялауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға мынадай талаптар қойылады:
      1) жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
      2) консервацияланған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;
      3) ғимараттар мен құрылыстарды жер қойнауын пайдалану салдарының зиянды әсерінен (қозғалып кетуінен, құлауынан, көшкіндерден, су басудан, топырақтың отыруынан) қорғау;
      4) жер қойнауын пайдалану объектілерін таратудың және консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасын оған міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындыларын қоса бере отырып әзірлеуді қамтитын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
      5) өндірістік объектіні пайдаланудан шығарғанда Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын оған міндетті түрде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган сараптамасының оң қорытындысын қоса бере отырып әзірлеуді қамтитын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
      6) жер қойнауын пайдалану объектісін тарату (консервациялау) жобасы бойынша қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою.

      4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін басқа шаруашылық мақсаттар үшін таратқан кезде жер қойнауын пайдаланушы облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлайды.

      5. Тарату және консервациялау жобасы мынадай құжаттар мен іс-шараларды қамтиды:
      1) түсіндірме жазба.
      Түсіндірме жазбада жер қойнауын пайдалану объектісін тиісінше дайындау және тікелей тарату немесе консервациялау жөніндегі мәселелер көрсетіледі;
      2) осы жер қойнауын пайдалану объектісінің тау-кен немесе геологиялық бөлінуінің шегіндегі жер қойнауының іс жүзіндегі жай-күйін толық көрсететін геологиялық және маркшейдерлік графикалық құжаттама;
      3) кен орнын қайта игерудің орындылығын, сондай-ақ қоймаланған пайдалы қазбалар мен өндіріс қалдықтарын пайдаланылуын және сақталуын бағалау;
      4) жер қойнауын пайдалану объектісін және өндірістік объектілерді өзге шаруашылық мақсаттарда одан әрі пайдаланудың орындылығын бағалау;
      5) пайдалы қазбалар кен орындарының жер беті топографиялық жоспарларының, геологиялық картасының, бөліністерінің және деңгей жиегі бойынша жоспарларының көшірмелері;
      6) таратылатын немесе консервацияланатын жер қойнауын пайдалану объектілерін, сондай-ақ басқа да өндірістік объектілерді орналастыру схемалары;
      7) халықтың және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауын және қоршаған ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды қорғау жөніндегі, оның ішінде судың, газдың төгілуін, жер асты өрттерінің таралуын болдырмау жөніндегі шаралар;
      8) жер асты суларының ластануын болдырмау жөніндегі;
      9) персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі;
      10) жер қойнауын пайдалану объектісін таратудың немесе консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалау;
      11) консервациялау кезеңінде консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектісін санкцияланбаған пайдалануды және оған қол жеткізуді болдырмайтын шаралар.

2. Жер қойнауын пайдалану объектісін таратуды немесе консервациялауды жүргізу тәртібі

      6. Жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бөлігін тарату немесе консервациялау үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстардың басталуының және аяқталуының болжамды мерзімдерін көрсетіп, күтіліп отырған таратудың немесе консервациялаудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны жолдайды.
      Хабарламаға мыналар қоса беріледі:
      1) жер қойнауын пайдалану объектілерін таратудың немесе консервациялаудың қажеттілігін негіздейтін техникалық-экономикалық негіздеме және экономикалық есеп;
      2) пайдалы қазбалардың қалған өңделмеген, оның ішінде алдын ала қорғану және басқа да целиктердегі қорлары туралы, ілеспе өндірілген, уақытша пайдаланбайтын пайдалы қазбалардың бар болуы туралы, сондай-ақ пайдалы құрамдас бөліктері, зиянды және улы заттары бар және жоқ өндіріс қалдықтары (қалдық сақтауыштарда, үйінділерде) туралы мәліметтер;
      3) осы аумақта тау-кен жұмыстарын өткізудің нәтижесінде сапасы мен көлемді өзгерген жер учаскелері бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтер;
      4) таратылып немесе консервацияланып жатқан жер қойнауын пайдалану объектісіне және оған байланысты объектілерге іргелес аумақтағы жалпы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытындысы;
      5) жер қойнауын пайдалану объектісін таратудың немесе
консервациялаудың белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген жобасы.
      Көрсетілген құжаттама пайдалы қазбалар қорларының іс жүзіндегі жай-күйін, жер қойнауын пайдалану объектісінің, жер бөлумен шектелген жер үстінің жай-күйін толық көрсетуі тиіс.

      7. Тарату және консервациялау жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісіледі және жобаны жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.

      8. Жер қойнауын пайдалану объектісін тарату және консервациялау қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген жоба бойынша жүргізіледі.

      9. Объектіні таратуға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыруы тарату қоры қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      10. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқталған кезде, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілердің оларды тарату немесе консервациялау басталғанға дейін сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін өткізеді.

      11. Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу бекітілген жобаға толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

      12. Жер қойнауын пайдалану объектісін (немесе оның бөлігін) жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау олардың аяқталуы бойынша құзыретті органмен қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерделеу және пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құралатын комиссия жүзеге асырады.

      13. Комиссия іс жүзінде қарап шығудың және тарату немесе консервациялау жобасында көзделген орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын бағалаудың негізінде бұл Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісін (бұдан әрі - акт) жасайды.
      Қабылдау актісіне мыналар қоса берілуі тиіс:
      1) таратылған немесе консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерін және басқа өндірістік объектілерді орналастыру жоспарлары;
      2) тарату немесе консервациялау жобасында көзделген іс жүзінде орындалған жұмыстардың тізбесі мен көлемі;
      3) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бөлігін таратуға немесе консервациялауға іс жүзінде жұмсалған шығындар туралы анықтама.
      Бекітілген қабылдау актісін алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтауға жұмыстар аяқталған сәтке толықтырылған геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманы тапсырады, онда пайдалы қазбалар кен орнының бөліністері, топографиялық және маркшейдерлік жоспарлары, тік проекциялары, деңгейжиектік жоспарлары және геологиялық карталары болуы тиіс.
      Көрсетілген құжаттама пайдалы қазбалар кен орны қорларының қалдық жай-күйін және пайдаланылу дәрежесін, өндірістік объектілердің, осы жер үсті учаскесіндегі жер бедерінің жай-күйін толық көрсетуге тиіс.

      14. Қабылдау актісін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және қажетті қосымшалармен бірге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарға, облыстың жергілікті атқарушы органдарына және жер қойнауын пайдаланушыға жібереді.

      15. Таратылатын және консервациялаудағы жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесін осы Ережеге 2, 3-қосымшаларға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

                                                       Ережеге
                                                       1-қосымша

          Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату
     (консервациялау) мақсатында орындалған жұмыстарды
                   қабылдау және бағалау
                            АКТІСІ

200__ жылғы "__"__________                                N_________
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісінің немесе оның бөлігінің атауы)
____________________________________________________________________
               (комиссияны құрған органның атауы)
200__ жылғы "__"__________     N__________ бұйрығымен тағайындалған
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты және атқарып отырған
                                лауазымы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________ құрамындағы комиссия таратылған (консервацияланған) жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бөлігін) қарап шықты және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесінің, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бөлігін) тарату (консервациялау) жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бөлігін) тарату (консервациялау) мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың толықтығы мен сапасын сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарады.
Комиссияның шешімі:_________________________________________________
____________________________________________________________________
      Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін графикалық материалдар, құжаттар мен анықтамалар, олар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Комиссия төрағасы:
      Комиссия мүшелері:

                                                     Ережеге
                                                     2-қосымша

          Таратылған жер қойнауын пайдалану
              объектілерінің тізбесі

N р/с

Таратылған жер
қойнауын пай-
далану объек-
тісінің атауы,
оның аумақтық
орналасуы.
Жер қойнауын
пайдаланушы

Индексі

Жер қойнауын
пайдалану объек-
тісінің таратыл-
ған күні, бұйрықтың N

Жер қойнауын
пайдалану
объектісін
(оның бөлігін)
таратудың
негізгі
себептері

1

2

3

4

5







   кестенің жалғасы

Тарату жоспарын
әзірлеген
өндірістік
объектінің
атауы

Жер қойнауын
пайдалану объектісін
(оның бөлігін)
тарату туралы
актіні бекіт-
кен мемлекет-
тік органның
атауы

Тарату
жөніндегі
материалдар
сақталатын
өндірістік
объектінің
атауы

Тау-кен
бөлу акті-
сінің ті-
зілімдік N және
оның
берілген
күні

Ескертпе

6

7

8

9

10






                                                       Ережеге
                                                    3-қосымша

        Консервацияланған жер қойнауын пайдалану
               объектілерінің тізбесі

N р/с

Консервация-
ланған объек-
тінің атауы,
оның аумақтық
орналасуы.
Жер қойнауын
пайдаланушы

Индексі

Жер қойнауын
пайдалану
объектісі
консервация-
ланған күні,
бұйрықтың N

Жер қойнауын
пайдалану
объектісін
(оның бөлігін)
консервация-
лаудың негізгі
себептері

1

2

3

4

5







   кестенің жалғасы

Консерва-
циялау
жоспарын
әзірлеген
өндірістік
объектінің
атауы

Жер қойнауын
пайдалану
объектісін
(оның бөлігін)
консервациялау
туралы актіні
бекіткен
мемлекеттік
органның атауы

Консерва-
циялау
жөніндегі
материалдар
сақталатын
өндірістік
объектінің
атауы

Тау-кен
бөлу акті-
сінің ті-
зілімдік N
және оның
берілген
күні

Ескертпе

6

7

8

9

10






Об утверждении Правил ликвидации и консервации объектов недропользования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 53. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2011 года № 634

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 06.06.2011 № 634 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 48-2 Закона Республики Казахстан от 27 января 1996 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: см.Z100291

      1. Утвердить прилагаемые Правила ликвидации и консервации объектов недропользования.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 23 января 2008 года N 53

Правила
ликвидации и консервации объектов недропользования

      Правила ликвидации и консервации объектов недропользования (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 января 1996 года "О недрах и недропользовании" и устанавливают порядок ликвидации и консервации объектов недропользования. см.Z100291

1. Общие положения

      1. Правила распространяются на объекты, недропользования на которых проводятся или проводились работы, относящиеся к государственному геологическому изучению недр, разведке и добыче, в том числе разведке и добыче подземных вод, лечебных грязей, разведке недр для сброса сточных вод, а также строительству и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанные с разведкой и (или) добычей, за исключением технологических единиц объекта недропользования (блоки, панели, выработки, нефтяные и газовые скважины различного назначения) ликвидируемые в соответствии с согласованными и утвержденными планами развития горных работ (годовой рабочей программой).

      2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) ликвидация объекта недропользования или его части - мероприятия по ликвидации последствий деятельности, связанной с проведением операций по недропользованию, предусмотренные проектом ликвидации последствий деятельности недропользования;

      2) компетентный орган - государственный орган, определяемый Правительством Республики Казахстан и действующий от имени Республики Казахстан в осуществлении прав, связанных с заключением и исполнением контрактов;

      3) консервация объекта недропользования или его части - мероприятия, предусмотренные проектом консервации объекта недропользования при временной приостановке проведения операций по недропользованию по технико-экономическим, горно-геологическим и другим причинам, с обязательным сохранением основных производственных объектов и сооружений, и осуществлением контроля за их состоянием.

      3. К недропользователям, осуществляющим ликвидацию или консервацию объектов недропользования, предъявляются следующие требования:

      1) обеспечение безопасного пребывания людей при проведении работ по ликвидации или консервации объектов недропользования;

      2) обеспечение сохранности законсервированных объектов;

      3) предохранение зданий и сооружений от вредного влияния последствий недропользования (сдвижений, обрушений, оползней, подтоплений, просадок грунта);

      4) обеспечение соблюдения экологических и санитарно- эпидемиологических требований, которые включают разработку проекта оценки воздействия на окружающую среду ликвидации и консервации объектов недропользования с обязательным приложением к нему положительных заключений государственной экологической и санитарно-эпидемиологической экспертиз;

      5) обеспечение соблюдения требований промышленной безопасности, которые включают разработку Декларации промышленной безопасности при выводе из эксплуатации производственного объекта с обязательным приложением к нему положительного заключения экспертизы уполномоченного органа в области промышленной безопасности;

      6) ликвидация последствий нанесенного ущерба окружающей среде по проекту ликвидации (консервации) объекта недропользования.

      4. При ликвидации объектов недропользования недропользователь уведомляет местный исполнительный орган области для его использования в иных хозяйственных целях.

      5. Проект ликвидации и консервации включает следующие документы и мероприятия:

      1) пояснительную записку;
      В пояснительной записке отражаются вопросы по соответствующей подготовке и непосредственной ликвидации или консервации объекта недропользования.

      2) геологическую и маркшейдерскую графическую документацию, полностью отражающую фактическое состояние недр в пределах горного или геологического отвода данного объекта недропользования;

      3) оценку целесообразности повторной разработки месторождения, а также об использовании и сохранности заскладированных полезных ископаемых и отходов производства;

      4) оценку целесообразности дальнейшего использования объекта недропользования и производственных объектов в иных хозяйственных целях;

      5) копии топографических планов земной поверхности, геологической карты, разрезов и погоризонтных планов месторождения полезных ископаемых;

      6) схемы размещения ликвидируемых или консервируемых объектов недропользования, а также других производственных объектов;

      7) по обеспечению безопасности населения и персонала, охране недр и окружающей среды, зданий и сооружений, в том числе меры по предотвращению прорывов воды, газов, распространению подземных пожаров;

      8) по предотвращению загрязнения подземных вод;

      9) по обеспечению радиационной безопасности персонала и населения;

      10) оценку воздействия ликвидации или консервации объекта недропользования на окружающую среду;

      11) меры исключающие на период консервации не санкционированное использование и доступ к законсервированным объектам недропользования.

2. Порядок проведения ликвидации или консервации объекта
недропользования

      6. Для ликвидации или консервации объекта недропользования или его части, недропользователь направляет письменное уведомление в компетентный орган и в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды о необходимости намечаемой ликвидации или консервации с указанием предполагаемых сроков начала и окончания работ по ликвидации или консервации объектов недропользования.
      К уведомлению прилагаются:

      1) технико-экономическое обоснование и экономический расчет, обосновывающий необходимость ликвидации или консервации объектов недропользования;

      2) сведения об оставшихся неотработанных запасах полезных ископаемых, в том числе в предохранительных и других целиках, о наличии попутно добытых, временно не используемых полезных ископаемых, а также отходов производства (в хвостохранилищах, отвалах), содержащих и не содержащих полезные компоненты, вредные и ядовитые вещества;

      3) сведения о наличии или отсутствии земельных участков, качество и размеры которых изменилось, в результате проведения горных работ на этой территории;
      4) заключение уполномоченного органа в области государственной санитарно-эпидемиологической службы по общей санитарно- эпидемиологической ситуации на прилегающей территории ликвидируемого или консервируемого объекта недропользования и связанных с ним объектов;
      5) согласованный и утвержденный в установленном порядке проект ликвидации или консервации объекта недропользования.
      Указанная документация должна полностью отражать фактическое состояние запасов полезных ископаемых, состояние объекта недропользования, земной поверхности, ограниченной земельным отводом.

      7. Проект ликвидации и консервации согласовывается с уполномоченными органами в области охраны окружающей среды, по изучению и использованию недр, в области промышленной безопасности, санитарно-эпидемиологической службы, по управлению земельными ресурсами и утверждается недропользователем, финансирующим проведение работ по проектированию и реализации проекта.

      8. Ликвидация и консервация объекта недропользования производится по проекту, разработанному проектной организацией имеющей соответствующую лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области охраны окружающей среды.

      9. Финансирование работ, связанных с ликвидацией или консервацией объекта, осуществляется за счет средств ликвидационного фонда.

      10. При прекращении операций по недропользованию, недропользователь незамедлительно приступает к выполнению работ по ликвидации или консервации объекта недропользования. В случае необходимости принятия экстренного решения о прекращении добычи, недропользователь проводит комплекс мероприятий, обеспечивающих сохранение производственных объектов до начала их ликвидации или консервации.

      11. Проведение работ по ликвидации или консервации объектов недропользования должно осуществляться в полном соответствии с утвержденным проектом.

      12. Приемка работ по ликвидации или консервации объекта недропользования (или его части) по их завершении осуществляется комиссией, создаваемой компетентным органом из представителей уполномоченных органов в области охраны окружающей среды, изучения и использования недр, промышленной безопасности, санитарно- эпидемиологической службы, по управлению земельными ресурсами и местных исполнительных органов области.

      13. Комиссия, на основании непосредственного осмотра и оценки полноты и качества выполненных работ, предусмотренных проектом ликвидации или консервации, составляет акт приемки работ по ликвидации или консервации объекта недропользования (далее - акт приемки), согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      К акту приемки должны быть приложены:

      1) планы размещения ликвидированных или законсервированных объектов недропользования и других производственных объектов;

      2) перечень и объем фактически выполненных работ, предусмотренных проектом ликвидации или консервации;

      3) справка о фактически произведенных затратах на ликвидацию или консервацию объекта недропользования или его части.
      После получения утвержденного акта приемки недропользователь сдает на хранение в уполномоченный орган по изучению и использованию недр геологическую и маркшейдерскую документацию, пополненную на момент завершения работ, которая должна содержать разрезы, топографические и маркшейдерские планы, вертикальные проекции, погоризонтные планы и геологические карты месторождения полезных ископаемых.
      Указанная документация должна полностью отражать остаточное состояние запасов и степень использованности месторождения полезных ископаемых, состояние производственных объектов, рельефа на участке данной земной поверхности.

      14. Акт приемки утверждается уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и с необходимыми приложениями направляется в уполномоченные органы в области промышленной безопасности, местным исполнительным органам области и недропользователю.

      15. Перечень ликвидированных и находящихся на консервации объектов недропользования ведется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, согласно приложениям 2 , 3 к настоящим Правилам.

Приложение 1
к правилам

  АКТ
приемки и оценки работ, выполненных в целях ликвидации
(консервации) объектов недропользования

N_____                                          "__"_________ 200_г
___________________________________________________________________
       (название объекта недропользования или его части)
Комиссия, назначенная приказом_____________________________________
                          (наименование органа создавшего комиссию)
___________________________________________________________________
от "___" ______ 200_г. N _____ в составе___________________________
___________________________________________________________________
    (фамилия, имя, отчество и занимаемая должность каждого члена
___________________________________________________________________
                            комиссии)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________________________________________ произвела
осмотр ликвидированного (законсервированного) объекта недропользования
(части объекта) и рассмотрела все представленные документы и материалы,
характеризующие полноту и качество работ, осуществленных в целях
ликвидации (консервации) объекта недропользования (части объекта) в
соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о
недрах и недропользовании и Правил ликвидации и консервации объектов
недропользования, а также проекта ликвидации (консервации) объекта
недропользования (части объекта).
Решение комиссии: _________________________________________________
___________________________________________________________________
      К акту прилагаются графические материалы, документы и справки,
иллюстрирующие полноту и качество выполненных работ, копии
правоустанавливаюших документов, по которым проводились операции по
недропользованию.

Председатель комиссии:

Члены комиссии:

Приложение 2
к правилам

                          Перечень
      ликвидированных объектов недропользования

N
п/п

Наиме-
нование
ликви-
диро-
ванного
объекта
недро-
пользова-
ния, его
терри-
ториаль-
ное
располо-
жение.
Недро-
поль-
зователь

Ин-
декс

Дата
ликви-
дации
объек-
та
недро-
поль-
зова-
ния,
N
при-
каза

Основ-
ные
при-
чины
ликви-
дации
объек-
та
недро-
поль-
зова-
ния
(его
части)

Наиме-
нова-
ние
произ-
водст-
вен-
ного
объек-
та,
разра-
ботав-
шего
проект
ликви-
дации

Наиме-
нова-
ние
госор-
гана,
утвер-
див-
шего
акт о
ликви-
дации
объек-
та
недро-
поль-
зова-
ния
(его
части)

Наиме-
нование
произ-
вод-
ствен-
ного
объек-
та, в
котором
хранят-
ся
мате-
риалы
по
ликви-
дации

Реес-
тро-
вый N
горно-
отвод-
ного
акта
и дата
его
выдачи

При-
меча-
ние

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











  Приложение 3
к правилам

                           Перечень
      законсервированных объектов недропользования

N
п/п

Наиме-
нование
закон-
сервиро-
ванного
объекта,
его
терри-
ториаль-
ное
распо-
ложение.
Недро-
пользо-
ватель

Ин-
декс

Дата
кон-
сер-
вации
объек-
та
недро-
поль-
зова-
ния, N
при-
каза

Основ-
ные
при-
чины
кон-
сер-
вации
объек-
та
недро-
поль-
зова-
ния
(его
части)

Наиме-
нова-
ние
произ-
вод-
ствен-
ного
объек-
та,
разра-
ботав-
шего
проект
кон-
сер-
вации

Наиме-
нование
госор-
гана,
утвер-
дившего
акт о
консер-
вации
объекта
недро-
поль-
зования
(его
части)

Наиме-
нование
произ-
вод-
ствен-
ного
объек-
та, в
котором
хра-
нятся
мате-
риалы
по кон-
серва-
ции

Реес-
тро-
вый N
горно-
отвод-
ного
акта и
дата
его
выдачи

При-
меча-
ние

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10