Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі N 639 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 26, 302-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде:
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақтың екінші абзацындағы "ҚАЖ-дың уәкілетті органы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әділет министрі" (бұдан әрі - Министр) деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (бұдан әрі - Министр)" деген сөздер "Министрдің" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші абзацында "ҚАЖ-дың уәкілетті органы" деген сөздер "Министр" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақтың екінші абзацындағы "ҚАЖ-дың уәкілетті органы" деген сөздер "Министр" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақта:
2) тармақшаның үшінші абзацы "ақшалай үлес төлемі олардың уақытша орындайтын лауазымдары емес, негізгі қызметкері бойынша жүргізіледі" деген сөздер "қосымша ақы заңнамаға сәйкес жүргізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарамағындағы ҚАЖ қызметкеріне, сондай-ақ ҚАЖ органдарын, мекемелерін, ұйымдарын қайта ұйымдастыру кезеңінде кадр қызметтері жазбаша түрде басқа теңдес бос лауазым ұсынады, ал мұндай лауазым болмаған кезде ҚАЖ қызметкері оның біліктілігі мен денсаулық жағдайын ескере отырып орындай алатын төмен тұрған лауазым немесе ақысы аз төленетін жұмыс ұсынады. Ұсынылған лауазымнан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкермен еңбек қатынастары тоқтатылады.
Бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңінде ҚАЖ қызметкері ҚАЖ-дың тиісті органының немесе мекемесінің қарамағына есепке алынады. Бала күтіміне байланысты демалыстан шыққан соң оған тең дәрежелі лауазым ұсынылады.";
18-тармақтың 2) тармақшасы "денсаулық жағдайы," деген сөздерден кейін "алмастыру тәртібімен" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және олардың орынбасарларын алмастыру ҚАЖ уәкілетті органы басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің шешімімен, ҚАЖ мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарларын - ҚАЖ аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсынысы бойынша ҚАЖ уәкілетті органы басшысының шешімі бойынша кемінде бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. ҚАЖ аумақтық бөлімшелерінің, ҚАЖ мекемелерінің басшыларын және олардың орынбасарларын басқа мекенге қызметке алмастыруға ҚАЖ қызметкерінің жазбаша келісімімен жол беріледі.";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Алмастыруға мүгедек балалары (қамқоршы болып табылатын), оның ішінде асырап алған ұлдары (қыздары) немесе асырауында қарт ата-аналары бар лауазымды адамдар жатпайды. Көрсетілген жағдайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
Лауазымды адамдарды олардың бұрынғы атқарып отырған міндеттері сипатының өзгеруі болжанатын қызметке алмастырған кезде, олар ҚАЖ білім беру ұйымдарында қажетті бейін бойынша теориялық және практикалық даярлық курсынан өтуі мүмкін.";
27-тармақта:
бірінші абзац "Орта" деген сөздің алдынан "Қатардағы," деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "ҚАЖ жоғарғы білім беру ұйымдарының" деген сөздер "жоғары білім берудің кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыратын ҚАЖ білім беру ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтағы "Басшы құрамның" деген сөздер алынып тасталсын;
32-тармақтың екінші абзацындағы "нақты" деген сөз алынып тасталсын;
35-тармақтың жетінші абзацындағы ", кіші басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берілген бастықтар" деген сөздер "жоғары білім берудің кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыратын ҚАЖ аумақтық органдарының және ҚАЖ білім беру ұйымдарының бастықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақтың екінші абзацындағы "ҚАЖ уәкілетті органы басшысының" деген сөздер "арнайы атағын төмендету туралы шешім қабылдаған лауазымды адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
41-тармақ 7) тармақшадағы "демалыстар" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) шығармашылық демалыстар (ҚАЖ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне педагогикалық өтілі сақтала отырып ғылыми жұмыспен айналысу үшін беріледі)";
51-тармақ "бір жылдың ішінде" деген сөздер "бір оқу жылының ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
52-тармақта:
"жоғары" деген сөз алынып тасталсын;
"білім беру ұйымдарына" деген сөздердің алдынан "жоғары білім берудің кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
53-тармақтағы үшінші абзац алынып тасталсын;
62-тармақ:
1) тармақшадағы "прокуратура," және "кеден қызметі," деген сөздер алынып тасталсын;
"мемлекеттік" деген сөзден кейін "және әскери" деген сөздермен толықтырылсын:
2) тармақшадағы "жіберілген болса" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ҚАЖ, қаржы (салық) полициясы, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарындағы оқу уақыты";
81-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"ҚАЖ қызметкері міндетті түрде оның тәртіптік жауапкершілікке тартылуына байланысты барлық материалдармен таныс болуға тиіс.";
106-тармақтағы "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген сөздер "ұлттық қауіпсіздік" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі