Мемлекеттік тау-кен компаниясын құруға дайындық мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2008 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен Kazakhmys plc компаниясының 15 пайызға дейінгі акцияларын мемлекеттік меншікке сатып алуға байланысты іс-шараларды жүргізсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет және Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын орындауға байланысты мәселелерді пысықтау жөніндегі жұмыс тобын құрсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі