Тау-кен-металлургия саласы ұйымдарының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 наурыздағы N 214 Қаулысы.

      Мемлекеттік тау-кен компаниясын құруға дайындық мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2008 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен Kazakhmys plc компаниясының 15 пайызға дейінгі акцияларын мемлекеттік меншікке сатып алуға байланысты іс-шараларды жүргізсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет және Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын орындауға байланысты мәселелерді пысықтау жөніндегі жұмыс тобын құрсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады