Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберіндегі 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шарттың жобасы (бұдан әрі - Шарт) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Шарт жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы»18»наурыздағы
N 264 қаулысымен
мақұлдаған
жоба
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік
шартқа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы шарт
Астана қ. 2008 жылғы "__"_______
Бұдан әрі»"Кепілгер" деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі және бұдан әрі "Облигацияларды ұстаушылардың өкілі" деп аталатын "АТФ Банк" акционерлік қоғамы, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
"Шарттың мәні" деген 2-тарауда:
1-тармағында "Концессиялық келісім кезеңінде" деген сөздер "Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылған инфрақұрылымдық облигациялардың айналымы кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағында "30 (отыз)" деген сөздер "60 (алпыс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Тараптардың құқықтары мен міндеттері" деген 3-тараудың 3-тармағының 2) тармақшасында "өтеу күні" деген сөздердің алдынан "купондық сыйақыны төлеу мерзімінде немесе" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
1) қаралмаған талаптар бөлігінде "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шарт өзгеріссіз қалады.
2) Шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада, әрбір Тарап үшін бір-бір данада жасалды.
Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік деректемелері
Кепілгер: Облигацияларды ұстаушылар өкілі:
Қазақстан Республикасы Қаржы "АТФ Банк" АҚ,
министрлігінің атынан Қазақстан Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Республикасының Үкіметі Фурманов көш., 100,
010000, Астана қ., тел. 2503 040, факс 2501 995
Жеңіс даңғ., 11 Банк деректемелері:
РНН 031 400 129 686 БИК 190 201 125
БЖ 195 301 070 СТС 600 900 079 718
ИИК 000120200 КБЕ 11 кор. шот N 800161226 УУМО ҚР ҰБ
Астана қ. Қазынашылық
департаменті
Қазақстан Республикасының "АТФ Банк" АҚ-тың
Қаржы министрі Басқарма төрағасы
Жәмішев Б.Б. Пикер А.А.