"Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберіндегі Кепілгерлік шартқа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 264 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218  қаулысымен мақұлданған "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберіндегі 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шарттың жобасы (бұдан әрі - Шарт) мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Шарт жасасуға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы»18»наурыздағы
N 264 қаулысымен  
мақұлдаған    

жоба  

  2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік
шартқа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы шарт

Астана қ.                                     2008 жылғы "__"_______

      Бұдан әрі»"Кепілгер" деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі және бұдан әрі "Облигацияларды ұстаушылардың өкілі" деп аталатын "АТФ Банк" акционерлік қоғамы, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
      1. "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шартқа мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      "Шарттың мәні" деген 2-тарауда:
      1-тармағында "Концессиялық келісім кезеңінде" деген сөздер "Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылған инфрақұрылымдық облигациялардың айналымы кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармағында "30 (отыз)" деген сөздер "60 (алпыс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Тараптардың құқықтары мен міндеттері" деген 3-тараудың 3-тармағының 2) тармақшасында "өтеу күні" деген сөздердің алдынан "купондық сыйақыны төлеу мерзімінде немесе" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
      1) қаралмаған талаптар бөлігінде "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 қаулысымен мақұлданған 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 2ДП002 Кепілгерлік шарт өзгеріссіз қалады.
      2) Шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада, әрбір Тарап үшін бір-бір данада жасалды.

Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік деректемелері

Кепілгер:                        Облигацияларды ұстаушылар өкілі:

Қазақстан Республикасы Қаржы     "АТФ Банк" АҚ,
министрлігінің атынан Қазақстан  Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Республикасының Үкіметі          Фурманов көш., 100,
010000, Астана қ.,               тел. 2503 040, факс 2501 995
Жеңіс даңғ., 11                  Банк деректемелері:
РНН 031 400 129 686              БИК 190 201 125
БЖ 195 301 070                   СТС 600 900 079 718
ИИК 000120200 КБЕ 11             кор. шот N 800161226 УУМО ҚР ҰБ
Астана қ. Қазынашылық
департаменті

Қазақстан Республикасының     "АТФ Банк" АҚ-тың
Қаржы министрі                Басқарма төрағасы
Жәмішев Б.Б.                  Пикер А.А.

О внесении изменений и дополнения в Договор поручительства в рамках Концессионного соглашения о строительстве и эксплуатации межрегиональной линии электропередачи "Северный Казахстан - Актюбинская область"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2008 года N 264

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Договора "О внесении изменений и дополнения в Договор поручительства от 9 января 2006 года N 2ДП002 в рамках Концессионного соглашения о строительстве и эксплуатации межрегиональной линии электропередачи "Северный Казахстан - Актюбинская область", одобренный  постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1218" (далее - Договор).

      2. Уполномочить Министра финансов Республики Казахстан Жамишева Болата Бидахметовича от имени Правительства Республики Казахстан заключить Договор.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан                                            К. Масимов

Одобрен          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 18 марта 2008 года N 264

проект

  Договор о внесении изменений и дополнения
в Договор поручительства от 9 января 2006 года N 2ДП002

г. Астана                                     "__" _______ 2008 года

      Правительство Республики Казахстан в лице Министерства финансов Республики Казахстан, именуемое в дальнейшем "Поручитель" и акционерное общество "АТФ Банк", именуемое в дальнейшем "Представитель держателей облигаций", далее совместно именуемые "Стороны", договорились заключить настоящий Договор о внесении изменений и дополнения в Договор поручительства от 9 января 2006 года N 2ДП002, одобренный  постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1218 "О предоставлении поручительства государства в рамках Концессионного соглашения о строительстве и эксплуатации межрегиональной линии электропередачи "Северный Казахстан - Актюбинская область" (далее - Договор), о нижеследующем:

      1. внести в Договор поручительства от 9 января 2006 года N 2ДП002, одобренный постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1218 "О предоставлении поручительства государства в рамках Концессионного соглашения о строительстве и эксплуатации межрегиональной линии электропередачи "Северный Казахстан - Актюбинская область" следующие изменения и дополнение:
      в главе 2 "Предмет договора":
      в пункте 1 слова "на период Концессионного соглашения" заменить словами "за период обращения инфраструктурных облигаций, выпущенных в период строительства объекта Концессии",
      в пункте 2 слова "30 (тридцать)" заменить словами "60 (шестьдесят)";
      в подпункте 2) пункта 3 главы 3 "Права и обязанности Сторон" после слова "обязательство" дополнить словами "в срок выплаты купонного вознаграждения или".

      2. Договор вступает в силу с момента подписания Сторонами.
      1) в части незатронутых условий Договор поручительства от 9 января 2006 года N 2ДП002, одобренный постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1218 "О предоставлении поручительства государства в рамках Концессионного соглашения о строительстве и эксплуатации межрегиональной линии электропередачи "Северный Казахстан - Актюбинская область", остается неизменным.
      2) Договор составлен в двух экземплярах на государственном и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу, по одному экземпляру для каждой Стороны.

  Юридические адреса и банковские реквизиты Сторон

Поручитель:                         Представитель держателей облигаций:

Правительство Республики Казахстан, АО "АТФ Банк",
в лице Министерства финансов        Республика Казахстан, г. Алматы,
Республики Казахстан                ул. Фурманова, 100,
010000, г. Астана, пр. Победы, 11   тел. 2 503 040 факс 2 501 995,
РНН 031 400 129 686                 Банковские реквизиты:
БИК 195 301 070                     БИК 190 201 125
ИИК 000120200 КБЕ 11                РНН 600 900 079 718
Департамент казначейства г. Астаны  кор. счет N800161226 в УУМО НБ РК

Министр финансов                    Председатель правления
Республики Казахстан                АО "АТФ Банк"
Жамишев Б.Б.                        Пикер А.А.