"Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігін беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1218 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін (бұдан әрі - Объект) салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберіндегі кепілгерлік шарттың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекетке берілетін Объектінің тиісті құнына сәйкес келетін және 15692710000 (он бес миллиард алты жүз тоқсан екі миллион жеті жүз он мың) теңгеден аспайтын сомаға, сондай-ақ Объектіні салу кезеңіне орналастырылған облигацияларға есептелген сыйақы (мүдде) сомасына Кепілгерлік шарт жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Кепілгерлік шарты

Астана қ.                                2005 жылғы "__" ________

      Бұдан әрі "Кепілгер" деп аталатын Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі және
бұдан әрі "Облигацияларды ұстаушылардың өкілі" деп аталатын ______
__________________________________________________________________
бұдан әрі бірлесіп, "Тараптар" деп аталатындар
      мыналарды:
      1) "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісі құрылысының жобасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008  қаулысын;
      2) "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы "__"_________
қаулысын;
      3) "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберіндегі мемлекеттің кепілгерлігін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы "__" _________ қаулысын назарға ала отырып,
      "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісінің құрылысын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Бостандық ауданы, 22-ші линия көшесі, 45-үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Батыс транзит" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Эмитент) шығарған инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың пайдасына осы Кепілгерлік шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

  1. Ұғымдар мен терминдер

      1. Осы кепілгерлікте бас әріппен көрсетілген, бірақ осы кепілгерлікте өзгеше айқындалмаған терминдер Концессиялық келісімде айқындалған мәндерге ие болады.
      2. Жоба - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Эмитент арасында жасалған Концессиялық келісім шеңберіндегі "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісі құрылысының жобасы.
      3. Қарыз беруші - Жобаны қаржыландыру үшін Эмитент шығарған инфрақұрылымдық облигацияларды сатып алған адам.
      "Қарыз беруші" термині өзіне олардың құқықтарына сәйкес кез келген кейінгі құқықтық мирасқорлар мен цессионарийлерді қамтиды.
      4. Облигациялық қарыз - Жобаны қаржыландыру үшін инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен Эмитент тартқан қарыз.

  2. Шарттың мәні

      1. Кепілгер Эмитенттің инфрақұрылымдық облигацияларын атаулы құнына тең 18830000000 (он сегіз миллиард сегіз жүз отыз миллион) теңге сомасындағы міндеттемесін және орналастырылған облигацияларға есептелетін сыйақыны (мүдде) орындауға субсидиялық жауапты болады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.10.13 N 1584 Қаулысымен.
      2. Талаптар Кепілгердің орналасқан жері бойынша өтеу күні басталғаннан кейін (эмиссия анықтамалығында айқындалғандай) 60 (алпыс) күнтізбелік күннен соң болатын күнге дейін кез келген уақытта Кепілгерге тапсырылуы мүмкін. Талапты іс-қимыл мерзімі өтетін күнге дейін берген кезде осы кепілгерлік Кепілгер талапты толық төлегенге дейін (соның ішінде іс-қимыл мерзімі өткен күннен кейін де) күшінде қалады. Қолданылу мерзімі өткен күннен кейін, егер Кепілгерге ешқандай талап берілмесе, кепілгерліктің қолданылуы аяқталады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 264 Қаулысымен.

  3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Кепілгер міндеттемелерді орындағаннан кейін Кепілгер облигацияларды ұстаушылардың Өкілінен Эмитентке қойылатын талапты куәландыратын құжаттарды алуға құқығы бар.
      2. Кепілгер мыналарға міндетті:
      1) облигацияларды ұстаушылар Өкілінің талап етуі бойынша мемлекетке берілетін объектінің құнына сәйкес келетін және осы Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көзделген кепілгерлік сомасынан аспайтын Облигациялық қарыздың талаптары бойынша Эмитенттің төлемеген сомасын Қарыз берушіге төлеуге. Бұл ретте Кепілгер осы Кепілгерлік жөніндегі талаптар төленбеген сомаға бір немесе бірнеше рет ұсынылуы мүмкін екендігін мойындайды;
      2) Облигациялық қарыздың талаптары бойынша Эмитенттің төлемеген сомасын облигацияларды ұстаушылар Өкілінің талап етуін алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде кепілгерлік сомасынан аспайтын сома шегінде төлеуге.
      3. Облигацияларды ұстаушылар Өкілі мыналарға құқығы бар:
      1) Кепілгерден Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
      2) егер Эмитент эмиссия анықтамалығында айқындалған міндеттемені қанағаттандырудан бас тартса немесе купондық сыйақыны төлеу мерзімінде немесе өтеу күні толық орындамаса немесе облигацияларды ұстаушылар Өкілі одан қойылған талапқа орынды мерзімде жауап алмаса, Кепілгерге орындалмаған бөлігінде талап қоюға.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.18 N 264 Қаулысымен.
      4. Облигацияларды ұстаушылар Өкілі мыналарға міндетті:
      1) Кепілгерге талап қойылғанға дейін Эмитентке талап қоюға;
      2) талаптарды Кепілгерге қойғанға дейін Эмитенттің талаптарын қанағаттандыруға орынды шаралар қолдануға;
      3) Кепілгер міндеттемелерді орындағаннан кейін Эмитентке талапты куәландыратын құжаттарды Кепілгерге тапсыруға;
      4) Осы шартқа Өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы шартқа қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Эмитентке және Кепілгерге Эмитенттің арнайы қызмет көрсету шотында қаражатты шоғырландыру кестесін келісу үшін ұсынуға;
      5) ай сайын есептен кейінгі айдың 10-күніне дейін Қаражатты шоғырландыру кестесіне сәйкес Эмитенттің арнайы қызмет көрсету шотында қаражатты шоғырландыру жөніндегі міндеттемелерін орындауы туралы есепті Кепілгерге беруге.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.13 N 1584 Қаулысымен.

  4. Шарттың қолданылу мерзімі

      Шарт заңнама белгілеген тәртіппен оны тіркеген сәттен бастап күшіне енеді және Облигациялық қарыз бен Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады.

  5. Басқа да талаптар

      1. Шарт бойынша барлық талаптар, хабарлар мен хабарламалар жазбаша нысанда жасалады және жеткізілетін күні немесе көрсетілген күні (егер осы күн хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты алынды деп саналады.
      2. Шартты орындаудан біржақты бас тартуға, Шартты біржақты өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол берілмейді.
      3. Тараптар қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт бойынша барлық міндеттемелер олардың құқықтық мирасқорларына ауысады.
      4. Шарттан туындайтын немесе соған байланысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері жолымен шешіледі. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
      5. Шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада, әрбір Тарап үшін бір-бір данада жасалды.

  6. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік деректемелері

      Кепілгер:                                   Облигацияларды
      Қазақстан Республикасы Қаржы                ұстаушылар Өкілі:
      министрлігі атынан
      Қазақстан Республикасының Үкіметі
      010000, Астана қ., Жеңіс даңғ., 11
      БИК 195301070 РНН 032200000017
      Министрліктер үйі

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады