"Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 353 Қаулысы

      "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын іске асыру мақсатында және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген тәртіппен әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2008 года N 563 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 апреля 2008 года N 353

      В целях реализации  Указа Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2008 года N 563 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года" и в соответствии со  статьей 23 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы организовать работу призывных комиссий и обеспечить проведение призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года.

      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан организовать усиленное дежурство сотрудников органов внутренних дел в местах сбора и отправки в войска призывников.

      3. Министерству здравоохранения Республики Казахстан в установленном порядке организовать медицинское обеспечение призывных пунктов.

      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить перевозку уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы и граждан, призванных на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан по заявкам Министерства обороны Республики Казахстан.

      5. Министерству обороны Республики Казахстан, Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан возмещение расходов на перевозку граждан, призванных на срочную воинскую службу, а также уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы, производить непосредственно организациям, осуществляющим перевозку, по предъявленным ими счетам в пределах ассигнований, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан             К. Масимов